Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
- Жалпы клиникалық әдістер: қараңғы өрісті микроскопия арқылы бөлінетін жыныс мүшелерінде бозғылт трепонеманы анықтау
- Серологиялық: қан сарысуындағы Вассерман реакциясын қою
- Қан сарысуындағы бозғылт трепонема антигенімен РПГА қою
- ПТР: ПТР арқылы биологиялық материалда Treponema pallidum анықтау
- ИФА: ИФА әдісімен қан сарысуындағы Treponema pallidum-ға Jg m, Ig G анықтамасы
- ИФ: иммунофлуоресценция реакциясындағы биологиялық материалда Treponema pallidum антиденелерін анықтау
- Қан сарысуындағы кардиолипин антигенімен микропреципитация реакциясы:
- Урогенитальды жағындыны (метилен көк түспен және/немесе граммен бояу) басқа ЖЖБИ-ге (терапия басталғанға дейін) жалпы клиникалық зерттеу.
Диф диагностика саныраукулакты бузылыстар шаштагы гнездовая плешивость
Емы
Антибиотикотерапия; Пенициллиндер:
- дуранттар: Бициллин-1 (бензилпени-циллиннің дибензилэтилендиамин тұзы, әйтпесе – бензатин бензилпенициллин), аралас: Бициллин–5 (4:1 қатынасында пенициллиннің дибензилэтилендиамин және новокаин және натрий тұздары);
- орташа ұзақтығы: бензилпенициллин новокаин тұзы;
– суда еритін: бензилпенициллин натрий тұзы кристалды;
- жартылай синтетикалық: ампициллин натрий тұзы, Оксациллин натрий тұзы.
Тетрациклиндер: Доксициклин.
Макролидтер: Эритромицин.
Цефалоспориндер: Цефтриаксон.
Диагнозы; туа пайда болган мерез раний терилик жане шырышты кабаттын закымдануы
Мерез (syphilis) – бозғылт трепонемамен шақырылатын,созылмалы жұқпалы ауру. Жұғу жолы негізінен жыныстық, бірақ трансплацентарлы (туа біткен мерез), тұрмыстық қатынас кезінде (тұрмыстық мерез) және қан құйғанда (гемотрансфузиялық жол) жұғуы мүмкін.Этиологиясы. Мерез қоздырғышы болып бозғылт трепонема (Treponema pallіdum) табылады, ол Spirochaetales тобына, Spirochaetaceae туыстығына, Treponema тұқымдастығына жатады. Бозғылт трепонема (бозғылт спирохета) морфологиялық жағынан сапрофитті спирохеталардан (Spiroheta buccalis Sp.refringens Sp. balanitidis Sp. pseudopallida) ажыратылады. Микроскоппен қарағанда бозғылт трепонема иректелген штопорға ұқсас микроорганизм екенің көруге болады шамамен 8-14 біркелкі иректерден тұрады. Трепонеманың жалпы ұзындығы 7-ден 14 мм-ге, қалыңдығы 0,2-0,5 мкм болып келеді. Бозғылт трепонема айтарлықтай қозғалғыш (үдемелі, теңселмелі, маятник тәріздес, контрактильді, ротарлы қимылдар) болып келеді
Достарыңызбен бөлісу: |