Диаграмма құру, редакциялау және пішімдеу
Диаграмма сандық мәліметердің өзгеруін айқындап көрсетуге мұмкіндік береді. Excel электронды кестесінде диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді. Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.
Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Ұяшықтағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау;
Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және Ғ2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.
Ұяшықты редакциялау аяқталған соң, Enter пернесін басу керк.
Енгізілген мәліметтерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелген нәтижелерді өзгерту арқылы кестенің сыртқы пішінін әдемі етіп пішімдеуге болады.
Ұяшықтардың аумағын пішімдеу үшін оларды белгілеп алған соң Пішін (Формат) мәзіріндегі Ұяшық (Ячейка) командасын орындаймыз.
Әрбір енгізілген мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100% -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады.
Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистогарамма бірнеше шаманы бірнеше нүктеді салыстыру үшін қойылады. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағандық диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстыратын шамалардың мазмұны мен анықталады.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқанда өзгерістерін бақылап отыруға ыңғайлы. Гистограмманың айырмашылығы, оған орнына олардың биіктігі (квадрат, ромбымен) белгіленіп көрсетіліеді және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.
Диаграмма құру үшін:
Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;
Кірістіру мәзіріндегі Диагарамма командасын таңдау немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
Диагарамма шебері сұхбат терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
Кез келген қадамда диаграмма құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады. Сонда Диагарамма шебері диагарамманы құруды аяқтайды;
Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.
Диагарамманы немесе басқа орбъектінің , мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тышқанды шертіп, пайда болған белгілу марекерлерін жылдыту арқылу өзгертуге болады. Диаграмманың түрі мен параметрлерін өзгерту үшін диаграммаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекст мәзірінде қажет команданы таңдау керек. Диагарамманы жою үшін оған тышқан нұсқағышын бір рет шертіп Delete пернесін басамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |