Нота жақтауы- нота белгілері орналасатын көлденеңнен жатқан параллель бес сызық.
Нота- дыбыстардың ұзақтығын және белгілі бір биіктігін қағаз бетінен көрсететін белгі.Нота жақтауының сызық саны төменнен жоғары саналады. Өте төмен және өте жоғары дыбыстарды белгілеу үшін қосымша сызықтар пайдаланылады(бесеуге дейін).
Нота таяқшалары үшінші сызыққа дейін жоғары одан әрі төмен қарай жазылады .
Екі дауыста таяқшалар екі жаққа қарай орналасады. Ұсақ ноталарда жалаушалар болады.
Топтастыру- Екі немесе оданда көп ұсақ ноталардың жлаушаларын біріктіру.
Ең ірі ұзақтық- бревис нотасы. Одан әрі бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық, отыз екілік т.б.
Тапсырма:
Таяқшаларын жоғары және төмен қаратып дыбыстарды нота жақтауына жазыңыз.
Бір бүтінде неше он алтылық? Бір жартылықта неше он алтылық? Бір сегіздікте неше отыз екілік ? т.б.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші тапсырмада әр адам он-он әртүрлі ұзақтықтағы және биіктіктегі дыбыстарды таяқшаларын дұрыс жазу заңдылықтарына сәйкес етіп жазады.
Екінші тапсырмада өзіндік жүйе жасап, сол арқылы есептеу қажет.