Музыкалық дыбыстар:белгілі бір биіктігі бар ,біркелкі тербелістен туындайды.
Музыкалық дыбыстардың қасиеттері: биіктігі, тембрі, ұзақтығы, қаттылығы.
Дыбыстар биктігіне қарай топтарға бөлінеді. Әрбір топ естілуіне, баяуына қарай үш регистрге топталады. Төмендегі, ортаңғы және жоғарғы регистрлер.
Шулы дыбыстар: белгілі бір биіктігі жоқ дыбыстар.
Биіктігі: тербеліс жиілігіне байланысты (бір секундтағы тербеліс саны). Неғұрлым тербеліс жиілесе соғұрлым дыбыс биіктейді.
Адамның есту қабілеті секундына 16- дан 4200 ге дейінгі тербеліс жиілігін қабылдайды .
Қаттылығы: тербелмелі дененің күштілігіне байланысты.
Ұзақтығы: қозғалмалы дененің тербеліс уақытына байланысты.
Тапсырма: Келесі сөз тізбектерінен кластер құрастыру: биіктік, тембр, ұзақтық, тербеліс, обертон, күші, регистр, амплитуда, дыбыс, шу, шиқыл, сыңғыр, тарсыл т.б. Осыларды музыкалық дыбыстар және шулы дыбыстар деп екі топқа бөлу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау үшін бір парақ қағазға өз тобын, аты жөнін, тегін және музыкалық дыбыстар, шулы дыбыстар деген екі топқа бөлінген жолдарды толтыру қажет.
Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Дыбыс деген не?
Музыкалық дыбыстың шулы дыбыстан басты айырмашылығы?
Музыкалық дыбыстардың қандай қасиеттері бар?
Дыбыс биіктігі неге байланысты?
Регистр деген не?
Ұзақтық неге байланысты?
Дыбыс тембрі неге байланысты?
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты?
Амплитуда дегеніміз не?
Обертондар қалай пайда болады?
Қандай дыбыс қатары табиғи деп аталады?
№ 2 Тақырып . Музыкалық дыбыстардың атаулары. Октавалар, музыкалық құрылым.
Сабақтың мақсаты: музыкалық дыбыстардың аттарымен таныстыру, октавалардың атаулары мен анықтамалары, фортепионода берілген дыбыстарды табуға үйрету.
Негізгі сұрақтар және тезистік берілулері: Музыкада қолданылатын барлық дыбыстар музыкалық жүйеге жатады .