Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс алу қызметімен тығыз байланысты, сөйлеу қызметінің перифериялық бөлімі тыныс алу мүшелері болып табылады. Сөйлеу аппаратының перифериялық бөліміне осылар жатады: мұрын, ауыз, жұтқыншақ, көмей, трахея, бронхалар, өкпе, кеуде клеткасы және диафрагм. Мұрын Мұрын тыныс алудың алғашқы мүшесі болып табылады. Ол иісті сезуге, сонымен қатар дауыс аппараты түтігінің түзілуіне қатысады. Мұрын сыртқы мұрыннан және мұрын қуысынан тұрады. Сыртқы мұрын сүйек-шеміршекті қаңқадан және жұмсақ бөлімдерден тұрады. Маңдайдан басталатын мұрынның жоғарғы тар ұшы мұрынның тамыры деп аталады; одан төмен және алға қарай мұрынның арқасы созылып жатыр, ол мұрын ұшымен аяқталады. Мұрынның қозғалмалы бүйір жақтарын мұрын қанаттары деп атайды, оның бос жақтары сыртқы мұрын тесіктерін немесе таңау тесіктерін құрайды. Сыртқы мұрын қаңқасының құрамына жоғарғы жақ сүйектерінің маңдай өсінділері кіреді. Жұмсақ бөлімдер бұлшық ет пен тері арқылы қалыптасады. Бұлшық еттер таңау тесігінің тарылып, кеңейуіне мүмкіндік береді. Мұрын қуысы бір-бірінен кеңсірек шеміршегі арқылы бөлінген екі жақтан тұрады . Жарғақтың артқы -жоғарғы бөлімі - сүйекті, ал алдыңғы- төменгі бөлімі - шеміршекті болып келген. Мұрын қуысының әр бір жартысында төрт қабырғасы болады: жоғарғы, төменгі, ішкі және сыртқы. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасы, немесе қақпақшасы торлы сүйектің үгіткіш тәріздес пластинкасының негізінде пайда болады. Осы пластинканың көптеген саңылаулары бар. Ми сауытына бағытталынған оның жоғарғы беткейінде иіс сезу жүйкесінің тамыры жатыр. Одан төмен қарай үгіткіш пластинка тесігі арқылы мұрын қуысына баратын иіс сезу жіпшелері таралады (иіс сезу жүйкесінің талшықтары). Төменгі қабырға, немесе мұрын қуысының түбі бір уақытта ауыз қуысының жоғарғы қабырғасы болып табылады. Мұрын қуысының түбі жоғарғы жақ сүйектерінің таңдай өсінділерінің ортаңғы сызығы бойынша өсіп кетуінен пайда болады және артқы жағынан таңдай сүйектерінің горизонтальды пластинкасымен толықтырылады. Ішкі, немесе мұрын қуысының ортаңғы қабырғасы – екі жаққа ортақ болып келеді. Сыртқы, немесе мұрын қуысының бүйір қабырғасы құрлысы жағынан күрделірек келген. Онда екі жақталулы жарғақтың жартысына ұқсас болып келетін үш горизонтальды орналасқан сүйекті бастамасы болады. Сыртқы қабырғаның төменгісі сүйекті, ал ортаңғы және жоғарғы бөлімдері торлы сүйектің өсінділері болып табылады. Кеңсірек шеміршегінің астында үш мұрын жолдары орналасқан: төменгі жарғақ пен мұрын қуысының түбі арасында – төменгі мұрын жолы, ортаңғы және төменгі жарғақ арасында – ортаңғы мұрын жолы, ал жоғарғы және ортаңғы жарғақ арасында – жоғарғы мұрын жолы болады. Барлық үш мұрын жарғақтары қараған беттегі саңылаулы кеңістік ортақ немесе жалпы мұрын жолы деп аталады. Алдыңғы жағынан мұрын қуысы сыртқы мұрынмен жабылған, және тек оның төменгі бөлімінде мұрын кірісі (таңау тесігі) арқылы сыртқа ашылады. Мұрын қуысының артқы қабырғасы болмайды, ол артқы жағынан сопақша саңылау арқылы (хоана) жұтқыншақ қуысымен байланысады. Мұрын қуысының барлық жақтары кілегейлі қабатпен қапталған. Мұрын жарғағының жоғарғы, ортаңғы бөлімдерін жауып жатқан кілегейлі қабатынан иіс сезу жасушаларымен аяқталатын иіс сезу жүйкелерінің өсінділері бұтақталады. Мұрынның осы бөлімін иіс сезу аймағы деп атайды. Мұрынның қалған қуыс бөлімдері тыныс алу аймағы болып табылады. Эпителии астында кілегей бөлетін көптеген бездер орналасқан. Кеңсірік шеміршегінің кілегейлі қабатында, әсіресе төменгі бөлімінде кеңейген венозды түйісулерден тұратын үңгірлі ұлпа деп аталатын ұлпа болады. Осы түйісулердің қабырғалары бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Қандай болмасын тітіркендіргіштердің әсерінен (температура, химиялық тітіркендіргіштер), сонымен қатар психикалық факторлар әсерінен үңгірлі ұлпа қанға толып, ісінуі мүмкін. Осындай ісінулер кейде кездейсоқ жағдайда мұрынның бітелуіне себеп болады. Кеңсірік шеміршегінің ортаңғы бөліміндегі кілегейлі қабатында қан тамырларының торы орналасқан аймақ болады. Ондай аймақты кан кету аймағы дейді және ол мұрыннан жиі қан кету көзі болып табылады. Мұрын қуысында қосалқы қуыстар бар, олар ауаға толы болып келеді; олар мұрын қуысының қабырғаларын түзуге қатысатын сүйектерде орналасқан. Осы қуыстар мұрын жолының жоғарғы және ортаңғы бөлімінде орналасқан саңылаулар арқылы мұрын қуысымен байланысады. Барлық қосалқы қуыстар жұпты болады .Маңдай сүйегінде – маңдай қуыстары, жағарғы жақта – жоғарғы жақты (гайморов) қуысы, негізгі сүйекте – негізгі қуыстар және торлы сүйекте –торлы жасушалар орналасқан. Қосалқы қуыстардың қабырғасы жұқа кілегейлі қабатпен қапталған.