Дыбыстың табиғаты, физикалық сипаттамалары


Есту сезімталдығының сипаттамалары. Клиникадағы



бет3/6
Дата24.05.2020
өлшемі162,58 Kb.
#70935
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АКУСТИКА

4.2. Есту сезімталдығының сипаттамалары. Клиникадағы

дыбыстық зерттеу әдістерінің физикалық негіздері

Дыбыс есту сезім мүшелерінің көзі болғандықтан оның обьективті сипаттамаларымен бірге субьективті, яғни адам және басқа да тірі ағзалардың тітіркену қабілетіне қарай анықталатын сипаттамалары да қарастырылады.

Есту мүшесінде дыбыстың субьективті сипаттамаларына мыналар жатады.: 1) жоғарылығы; 2) ырғақ (тембр); 3) қаттылығы. Дыбыс жоғарылығы тонның жиілігімен, сонымен қатар аздаған мөлшерде тон күрделілігі мен қарқындылығы арқылы сипатталады. Ырғақ – спектрлік құраммен анықталады. Қаттылық – тербеліс амплитудасымен анықталады.

Дыбыстың жоғарылығын бағалау үшін құлақ еститін дыбыс аймағы октава деп аталатын интервалдарға бөлінеді. Октава – шеткі екі жиілігінің қатынасы екіге тең болатын тон жоғарылығының ара қашықтығы.

Бірдей жиіліктегі күрделі тондар тербеліс түрі, яғни гармониялық спектрлері бойынша ерекшеленеді. Бұл ерекшелік құлаққа дыбыс ырғағы ретінде қабылданады. Мысалға, әртүрлі адамдардағы жиілігі бірдей сөздік дыбыстар ырғақтары бойынша ерекшеленеді.

Ортада еркін таралатын дыбыс қума толқын болып табылады. Ортаның белгілі бір аймағында ғана таралатын дыбыс толқындарын тұрғын толқындар деп атайды. Дыбыс толқыны тербеліс жиілігінің ортаның меншікті жиілігімен дәл келуі әсерінен тербеліс амплитудасы кенеттен артып кетеді, бұл құбылыс дыбыстық резонанс деп аталады және дыбысты күшейту үшін қолданылады.

Дыбыстың қаттылығы есту мүшесінің шектік деңгейін көрсетеді. Қаттылық дыбыстың қарқындылығына тәуелді. Бұл тәуелділік дыбыс толқыны әсерінің құлақ сезімталдығына негізделген күрделі сипат алады. Сезімталдық – құлақтың дыбыс толқынының физикалық сипаттамасына тәуелді физиологиялық қасиеті. Барлық сезім ағзаларының жалпы қасиетіне байланысты тітіркендіруші күшке бейімделуін адаптация деп атайды. Бейімделу әсерінен құлақтың сезімталдығы төмендейді немесе артады. Сондықтан құлақ өте кең аралықтағы қарқынды дыбыстарды қабылдай алады, алайда бірдей тербеліс жиілігіндегі дыбыс қаттылығы мен қарқындылығының арасында да тура пропорционалдық жоқ.

Тәжірибе көрсеткендей, тітіркендіру деңгейінің аздаған тітіркену өзгерісі - ді тудыратын, бейімделумен байланысты тітіркендіру күшінің өсуі , бастапқы тітіркендіру күші -ге қатынасы тітіркенудің барлық аймағында қатынасы тұрақты болатындай тәуелділікте болады. Бұл Вебер заңы деп аталады.

Алайда, дыбыстың тітіркендіру шамасын геометриялық прогрессия бойынша өзгертсек, оны сезіну арифметикалық прогрессия бойынша өзгереді. Мысалы: - ( -коэфф.); т.с.с.

Дыбыс қаттылығын сезіну мен тітіркендіруші арасындағы байланысты Вебер-Фехнер заңы бойынша өрнектеуге болады:



, ( 4.5 )

мұндағы - жиілік пен қарқындылыққа тәуелді пропорционалдық коэффициент.

Шартты түрде 1кГц жиілік кезіндегі дыбыстың қаттылығы мен қарқындылығы бір-бірімен сәйкес келеді деп есептейді, яғни және,

немесе . (4.6)

Қарқындылық шкаласынан қаттылық шкаласын ажырату үшін децибелді фонмен алмастырады. Адам құлағының ең жақсы есту аралығы 2500-3000 Гц .

Есту шапшаңдығын өлшеу әдісін аудиометрия деп атайды. Аудиометрия арқылы әртүрлі жиіліктегі есту сезімталдығын анықтайды, алынған қисықты аудиограмма деп атайды.

Аудиометрия аудиометр деп аталатын аппараттың көмегімен жүзеге асырылады. Оның негізгі тетігі дыбыстық жиіліктің барлық аймағындағы дыбыс қарқындылығының деңгейі мен жиілігін аса дәлдікпен және тәуелсіз реттеп отыратын дыбыстық генератор болып табылады ( 4.1-сызба).




Дыбыс толқынының қарқындылығы

Құлақтың сезімталдығы

Дыбыстың қаттылығы




Бейімделу (қарқындылықтың логарифмдік шкаласы)

Дыбыс толқынының

жиілігінен тәуелділік





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет