Дыбыстың табиғаты, физикалық сипаттамалары



бет1/6
Дата24.05.2020
өлшемі162,58 Kb.
#70935
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
АКУСТИКА


АКУСТИКА
Акустика – серпімді ортада таралатын (газ, сұйық, қатты дене), адамның құлағы арқылы қабылданатын, жиілігі 16 – 20000 Гц аралығындағы тербелістер мен толқындар, яғни дыбыстар жайындағы ғылым. Акустикада сонымен қатар жиілігі 16 Гц-тен төмен инфрадыбыстар мен 20000 Гц-тен жоғары ультрадыбыстар да қаралады. Қазіргі акустика ауқымды сұрақтарды қамтитын, бірнеше бөлімдерден тұратын ғылым: физикалық акустика - әртүрлі ортадағы серпімді толқындардың таралу ерекшелігін зерттесе, физиологиялық акустика – адамдар мен жануарлардағы дыбыс шығарушы және дыбыс қабылдаушы мүшелердің құрылысы мен жұмысын зерттейді.

Адам организмінде көптеген периодты тербелмелі үрдістер болып жатады. Осы тербелістің салдарынан ішкі ағзалардан шығатын дыбыстар олардың физиологиялық күйін сипаттайды.

Практикалық емханада дыбыстық зерттеу әдістері диагностика үшін кеңінен қолданылады. Сондықтан дыбыстың таралу ерекшелігін оқып үйрену медицинада маңызды рөл атқарады. Ағзадағы көптеген үдерістер, мысалға дем алу, жүректің жұмысы т.б. дыбыстық құбылыстар арқылы өтіледі.

Дыбыстық тербелістер мен толқындар – механикалық тербелістер мен толқындардың дербес түрі. Алайда, акустикалық түсініктің есту ағзаларына әсерінің ерекшелігіне байланысты кейбір мәселелерді арнайы қарастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет