Жинақтың мақсаты: пікір- сайыс ойнайтын оқушыларға практикалық көмек көрсету.
Дидактикалық материалдармен жұмыс істегенде келесі маңызды дағдылар қалыптасады:
өз көзқарасын қалыптастырып, оны жеткізе алу (білу).
көпшілік алдында сөйлей алу.
командада жұмыс істей алу және қарым - қатынастың бірыңғай стратегиясын қалыптастыру (табу).
Жинақтың бөліктері: Жаттығулар жиынтығы жоғары сынып оқушыларын пікір-сайыс дағдыларына үйретеді, коммуникативті сөйлесу мәдениетін қалыптастырады,сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Жаттығулар мысалдармен көрсетілген.
Саяси тақырыптағы түрлі дайын жобалар үлгі ретінде берілген. Карл Поппердің саяси пікір-сайыс элементтері бар формат кейстері толығымен немесе жартылай, керек бөліктері ғана қолданылуы мүмкін.
Пікір-сайыс термин Глоссари. Қазақ, ағылшын тілдерінде пікір-сайыс турнирларына дайындалғанда, түрлі жобалар құрғанда өте қолайлы және көмегі зор.
Негізгі оқыту тәсілі болып пікір-талас технологиясы саналады, оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлап оқыту тәсілі, мәселелік әдіс, жоба әдісі дайындық кезінде қосымша тәсіл ретінде қолданылады. Тренингтер, рөлдік ойындар, саяси- сауаттылық сайыстар мен дайындықсыз (спонтанно) сөйлесім байқаулары, жарыстар – оқытудың жиі қолданылатын түрлері.
Дидактикалық материал ОМЖ құрамындағы бөлігі сияқты да, жеке құрал ретінде де қолданыла алады. Дидактикалық материал сабақта қолдануға және өз бетінше жұмыс істеуге бағдарланған.