5. «Жазбаша пікір – талас» Бұл жаттығудың жақсы жағы – қатысушылардың саны көп болуы мүмкін. Бұл жаттығу жазу дағдыларын қалыптастырады. Қатысушыларды 2 топқа: даттау- жақтауға бөледі. Үстел мен орындықтар қарама - қарсы 2 қатарға қойылады. Берілген тақырып бойынша 5 минут уақытта ойыншылар өз ойларын параққа жазады. Жақтау тобы өзінің бірінші дәлелін жазып дәлелдеме келтіреді. Оппонентер дәлелмен танысып, жауап береді, өз пікірін білдіреді. Уақыт біткенше ойын өтеді. Сонында, қорыта отырып, ең жақсы дәлел көрсетіледі. Кейін ауызша пікірлер айтылады.