Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян»



Дата31.12.2019
өлшемі59.19 Kb.
түріСабақ
Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.



Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, пікірталас, әңгімелеу, венн диаграммасы.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, слайд.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Күтілетін нәтиже:

А – поэманы оқып, мазмұнын түсіну;

В – кейіпкерлерімен танысып, талдау жасау;

С – жырды оқып бағалап, мақсатқа тек батылдық пен еңбекқорлықтың арқасында жетуге болатынын түсіну.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе: Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның «Батыр Баян» поэмасымен танысып өттік.

- Поэма дегеніміз не?

Мағжан қазақ азаматтарына әрі сын тағып, әрі ауыр міндет жүктеп, біздің алдымызға Абылай хан мен Батыр Баянды идеал етіп ұсынады. Олардың ерлік, даналық, адамдық істерін санада, жүректе жаңғыртады. Бүгінгі сабағымызда «Батыр Баян» поэмасы бойынша талдау жұмыстарын жүргіземіз.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (екі топ бір-біріне сұрақтар қояды?)

М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы жөнінде сұрақтар қою: 
1. М.Жұмабаев қай жылы дүниеге келді? 1893жыл 
2. Қай жерде дүниеге келді? Сасықкөл мекенінде 
3. М.Жұмабаевтың поэмалары? «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертек» 
4. Тұңғыш өлеңдер жинағы? 1913 жыл, «Шолпан» 
5. Қай жылы дүние салды? 

Жалпы сұрақ.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?

«Жарлық» әдісі бойынша поэма мазмұнын айту
Реттік талдау

1. Шығарманың атауы: «Батыр Баян»

2. Авторы: М.Жұмабаев

3. Жанры: поэма

4. Тақырыбы: Туған елді, жерді қорғау.

5. Идеясы: Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды  дәріптеу.

6. Кейіпкерлер: Абылай, Сары, Батыр Баян, Ноян, қалмақ қызы
Композициялық құрылысы.


  1. Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты

  2. Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы

  3. Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.

  4. Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы

  5. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы

  6. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы

  7. Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі

  8. Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы


«Батыр Баян» кинофильмінен үзінді

Мағжан Жұма­баев­тың белгілі дастаны бой­ынша экранға шыққан "Батыр Баян" фильмі әлі күнге дейін қазақ киноэкранынан түспей келеді. Осы кинотуындыда Батыр Баянның бейнесін театр және кино актері, еңселі келген бой­ы­на ерекше таланты жарасқан Жұмахан Әбдіқадыров сом­дай­ды. Бірақ, өкінішке қарай, өне­рі жұрт көңілінен шыққан осы еңбекқор актер біраз жыл бұ­рын шығармашылық қызмет­пен сапарда жүрген кезінде жол-көлік апатына ұшырап, мүгедек болып қалған еді. Тағдыр тауқыметіне не шара, осыдан кейін ол театрдан кетіп, Тараз қаласының шетіндегі авто­тұ­рақтардың бірінде қарауыл бо­лып жүрді.

Сахнаға да оралып көрді. Бірақ сынған сүйек икемге келе қоймады. Дәрігерге де қа­рал­ды, емшіге де барды. Бірнеше рет отаға да түсті. Бұл туралы кезінде республикалық газеттерде көп жазылды. Жұмаханның ендігі үміті - шет­елдік оташылардың көмегіне жүгініп көру. Бірақ ол жаққа бару, келу, ота жасатып, ем-дом алу үлкен қаржыны қажет ететіні белгілі.



Осы жағдайдан хабардар болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында актерге қа­жет­ті қаражатты бөлуге пәрмен бер­ді. Ол соманы, елі­міз­дің Тұңғыш Президенті қоры аудар­ды. Қазақ халқының бос­тан­дығы жолында күрескен Батыр Баян­ның бейнесін сомдап, бүгінгі ұр­пақ­ты ел тарихын біліп, құрмет­теуге үлес қосқан әртіс үшін бұл үлкен құрмет болатын.

«Топтастыру» стратегиясы
Абылайға, Баянға, Ноянға мінездеме
Абылай: ақылды хан, айлалы батыр, қайратты қаһарман, даңқты қайраткер, дарынды дипломат, елін, жерін сүйген патриот.
Баян: ел еркесі, алаш батыр, қандыбалақ сарбаз, намысшыл ел, патриот тұлға
Ноян: Білікті жігіт, сүйгеніне адал ер, аңғал, қайырымды, адал.

«Венн диаграммасы» 
Баян Ұқсастығы Ноян
Пікірталас
Баянның өз інісін өлтірмегені дұрыс болар ма еді?


Ия (өлтірмегені дұрыс) Жоқ (өлтірмегені дұрыс емес)
Қайырымды батыр болар еді Ағасын туған елі алдында қара
Жастардың ыстық ықыласына бет қылды. Ел намысын аяққа
бөленер еді. таптады.

Оқулықпен жұмыс:

  1. Қалмақ қызының портреті

  2. Қалмақ қызының Ноянға білдірген өтініші

  3. Ноян мен қалмақ қызымен кашып кеткенін естіген кездеге Баянның халі

  4. Батыр Баянның Ноян мен қалмақ қызын ату тұсы


«Бес жолды өлең стратегиясы»

І топ. Баян, Ноян
Үлгі: 1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.

Ауқымды сұрақтар:
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.

RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім

- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.

Роль – Батыр Баян.
Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.

- Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп өтермін.


«Сөздер банкісі» (жұптық жұмыс)


«Батыр Баян» қазақтың атақты Мағжан Жұмабаев - ақын,

Қаламгері Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

жазған поэмасы

Қорытынды:

- Поэма ұнады ма? Несімен ұнады?



- Поэма кейіпкерлерінің қайсы саған ерекше әсер етті?

Кері байланыс


Үйге тапсырма.

Шығармадан ақын монологын тауып жаттау



Мағжан шығармашылығы туралы «Мағжан – сыршыл ақын» атты ойтолғау жазу.

Бағалау



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет