22-билет 1 Өздігінен даму технологиясы(М.Монтессори) М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі.
Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу керек, яғни балаға бостандық беру.Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру. Қазіргі таңда Қарақия ауданы Құрық ауылындағы МКҚК «Айгөлек» балабақшасы М.Монтессори технологиясы бойынша жұмыс жасауда. Орталық Еуразия Қорының қолдауымен және ТОО «Ерсай» компаниясының қаржылай комегімен 2 тәрбиеші болып өз біліктіліктерімізді көтеру мақсатында Алматы қаласын дағы «Монтессори класс» оқыту орталығына барып оқып келдік. Ж.Джумагазиева мен өзім осы технология бойынша жұмыс жасаудамын.
М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
Монтессори әдісінің мақсаты:
- Балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу.
- Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
- Балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкін діктер беру.
Монтессори педагогтың міндеті:
- Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
- Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
- Ұсақ моториканы дамыту.
- Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
- Зейінін тұрақтандыру.
- Тәртіпке үйрету.
Негізгі сабақ түрлері:
- Материалдармен жұмыстың жеке көрсетілімі.
- Топтық сабақ
- Жаңа ұғымдар туралы сабақ.
Монтессори 5 аймақтан тұрады:
1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы.
2. Сенсорика аймағы.
3. Математика аймағы.
4. Тіл аймағы7
5. Ғарыш аймағы.