Дидактика



бет1/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582

Дидактика 20.12.2023ж.
1 билет
1Дидактика пəні мақсаты мен міндеттері
Дидактика (грек. didaktikos – үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың жəне білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мəні – адамға білім берудің жəне тəрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:
оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;
оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;
оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;
оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.
Дидактикалық мақсатына қарай оқыту әдістерінің екі тобы бөлінеді: оқу материалын бастапқы меңгертуге әсер ететін әдістер және алынған білімді бекітетін және жетілдіретін әдістер. Бірінші топқа жататындар: ақпараттық-дамытушылық әдістер /мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, кітаппен жұмыс/; оқытудың эвристикалық әдістері /эвристикалық әңгіме, зерттеушілік әдіс/. Екінші топқа жататындар: жаттығулар /үлгі бойынша, түсіндіріліп отыратын жаттығулар, вариативті жаттығулар т.б./.
2Ұжымдық оқыту технологиясы
Ұжымдық оқыту технолгиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше. Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады.
3«ИНСЕРТ» әдісін сипаттаңыз.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы – түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v» – білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таңғалдырды деген белгілерді қойып отырып, мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс – оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет