2 В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы».
В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн.
1. Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн.
2. Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек.
3. Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек.
3 «Венн диаграммасы» әдісін сипаттап беріңіз Венн диаграммасы – екі тақырып немесе идея арасындағы қатынасты көрсету үшін екі немесе үш шеңбер пішінін пайдаланатын графика. Бұл құрал негізінен екі негізгі тақырып арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрнекі түрде көрсету үшін пайдаланылады, осылайша екі тақырып бойынша білім алу оңайырақ болады.
7 билет 1 Оқытудыұйымдастыруформаларыжəнеолардыклассификациялау Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тəртіпте жəне режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-əрекетінің сыртқы көрінісі. Олар əлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады жəне жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары əр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады: оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
оқу орнына қарай: мектептік жəне мектептен тыс формалар;
мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тəжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, əр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында əр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда
/100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, жəне 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537- 1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар: лекция;семинар;пəндік үйірмелер; топсеруен; факультативтер; кеңес; қосымша сабақтар; үй тапсырмасы; - оқытудың жекелік формасы.