Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады:
Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.
3 «Бағдаршам» әдісіне сипаттама беріңіз
«Бағдаршам» әдісі
Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.
• Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді.
• Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
• Қызыл – жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы мұғалімге мәлімдейді.
Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.
12-билет
1 Оқыту əдістерінің маңызы мен функциясы. Р.Г. Лемберг оқыту əдістері туралы қосқан үлесі
Атақты ғалым, профессор Р. Г. Лемберг ӛзінің кӛптеген еңбектерінде шығармашылық оқыту әдістерін қолдану, оқу үрдісінің психологиялық аспектісі, оны белсендендірудің тәсілдері мен жолдарын сипаттайды. Ол оқытудағы догматизм мен формализмге қарсы шығып, психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік кедергілерден ӛту қажеттілігін және жаңа тиімді оқыту
әдістемелерін іздеуге баса назар аударды. Жаңа педагогиканы шығармашылықпен іздеуде кейіннен ӛздерінің педагогикалық
мектебін ашқан Р. Г. Лемберг мектебінің оқушылары белсенділікпен қатысты. Р. Г. Лембергтің «Бастауыш мектептегі сабақ» (1948) атты ғылыми
жұмысы , «Дидактические очерки» (1960 ж.) жарық кӛрді.
2 Топтық оқыту технологиясы
Топтық оқыту- бұл оқушылардың тобының оқу әрекетін ұйымдастыру, ол оқушылардың өзара тікелей әрекеті,оқу міндеттерін шешуде бірлескен оқу әрекеті. Топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде білім алушылардың арасында талқыланып отырған мәселеге байланысты қарым-қатынас туындайды. Оқу процесі барысындағы тұлға аралық іс-әрекет әлеуметтік қызығушылықтарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді : жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер білім алушының өз-өзіне сенім артыруына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Топтық оқытудың өнімділігі В.В. Гузеевтың пікірінше келесі факторлармен анықталады :
1 ) қазіргі міндеттердің көпшілігін тиімді шешу үшін бірнеше адамдардың күш жігерін біріктіру талап етіледі, сондықтан мектеп түлегі топта нәтижелі жұмыс жасауды үйренуі тиіс; 2 ) мектептің негізгі контингентінің-жасөспірімдердің- жетекші іс-әрекеті тұлғалық қарым-қатынас болып табылады, ал ол нәтижелі қарым-қатынасқа топ тиімді жүзеге асырылады; 3 ) топта өзара әрекеттесуге қатысушылардың аз саны оқушы тұлғасының өзін-өзі көрсетуіне барынша қолайлы жағдай жасайды; 4 ) топтық жұмыс педагог пен оқушылар арасындағы байланыстарды бекітеді, мектептік білім беруде жеке және бір уақытта ұжымдық рухын күшейтеді, оқушылар арасында сапалы ынтымақтастық туындайды;
Достарыңызбен бөлісу: |