2 Оқушылардың танымдық іс-əрекетінің ерекшеліктері.Оқушылардың оқумотивтері. Мотивтер /франц. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-əрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының əсерімен құрылады жəне оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды.
Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Оқушының оқу мотивтері –борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындауəдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуғаниеті,«бестік»бағасыналуғаталпынысы,сыйлықалуға дегенұмтылысы. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады. Ұлы неміс педагогы Адольф Дистерверг: Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын, ойлауға үйрететін сабақты атаған. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі міндеттері: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі міндеттері: 1) оқушылардың оқуға, оқытылатын материалға жағымды эмоционалдық қатынасын, оқуға деген құштарлығын, оқуға деген парыз бен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; 2) білім беру табысының негізі ретінде білім жүйесін қалыптастыру және дамыту; 3) білім алушылардың оқу-танымдық дағдыларының, танымдық дербестігінің шарты ретінде психикалық және әсіресе ақыл-ой әрекетін дамыту; 4) білім алушылардың іскерліктері мен дағдыларының жүйесін қалыптастыру және дамыту ; 5) оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бақылау, ұтымды ұйымдастыру және ақыл-ой еңбегін мәдениетті ету әдістерін меңгеру.