Дидактика


«ДЖИКСО» әдісін сипаттаңыз



бет19/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3 «ДЖИКСО» әдісін сипаттаңыз
Топтарға мәтін бөлігі таратылады. Мәтін бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топқа қайта келіп , қолдарындағы мәтін бөліктерін құрастырады. Топтарға мәтіннің толық нұсқасы таратылады. Толық мәтін мазмұнымен танысып, мәтін желісін топ мүшелері бірлесіп отырып аяқтайды.
Джигсо әдісімен жұмыс ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асыру мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
15- билет
1 Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсінік
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техно логияларын өмірге енгізуге ұмтылуы.Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске ас ады :


кезең: оқып-үйрену;
кезең: меңгеру;
кезең: өмірге ендіру;
кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
оқытуда жаңа технология түр лерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады: Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жас айды .


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің о рындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:


ассоциация;
бірлестік қызмет;
көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
оқу үрдісінде қызығушылық артады;
оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте с ақтауға мүмкіндік береді.


Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.


Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.


Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту т ехнологиясы . Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.


мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.


ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;


алынған мәліметті бір-біріне лезде кідір іс с із жеткізу;
оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.


Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.


Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.


Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.


Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.


Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік техн ологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидак
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:


Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет