Дидактика


билет 1. Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі білім мазмұны



бет2/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

2 билет
1. Қазақстан Республикасының қазіргі мектептеріндегі білім мазмұны
Оқу жоспары – Қазақстан Республикасының Білім министрлігі бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы, саны оқу орындарында оқылатын пәндерді жүйелі, ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді.
Қазіргі кезде оқу жоспары: Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент); оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциялық компонент); мектептің Кеңесінің шешімі бойынша оқылатын пәндер (мектеп және аймақтық компонент).Білімнің мазмұны-оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады. Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның Жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.
2. Оқыту əдістері жəне олардың функциясы туралы түсінік
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет