3 «Т кестесіне» сипаттама беріңіз Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Жеке тұлғаның ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді.
5 билет 1 Оқытупроцесініңқұрылымы,негізгісатылары. Оқушылардың оқу танымдық іс-əрекетін басқаруға үйрену үшін, олардың білімді меңгеруінің кезеңдерін жақсы білу керек. Негізгі кезеңдері: қабылдау, оқу материалын ұғынуы, бекіту, практикалық іс-əрекетте білімді қолдануы.
І - кезең – қабылдау. Психологияда қабылдауды мақсатты бағытталған танымдық процесс ретінде қарастырады. Ол таңдаушылық сипатта болады. Сондықтан оқушыларға ең алдымен тақырыпты хабарлау керек, яғни олар нені оқитынын білуге тиіс. Міндет қойылып, ол түсіндірілуге тиісті. Егерде оқушылар оқу міндетін ұғынбаса материалмен таныстыра бастауға болмайды.
Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды, заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады жəне оқу міндетін түсінеді.
ІІ – кезең – оқу материалын ұғыну. Оның мəні: білімдегі теориялық астарларды бөлу жəне талдау. Басты ойды тауып, ұғымдарды бөліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу, түсіндіретін материалдың сипатын ұғыну, мысалдардың жиынтығын жəне түсіндіретін фактілерді танып білу. Мұнда оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы қосымшаны түсіндіретін элементтерді көріп отырғаны абзал. Оқып жатқанды екі түрде негіздей дəлелдей алатын болуы керек, яғни репродуктивтік түрде: мұғалімнің түсіндіру логикасын қайталайтындай жəне шығармашылық түрде: сөйлеуінде өзінің мысалдарын, фактілерін, шешу тəсілдерін қосуы.
Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу міндетінің шешу тəсілдерін түсінсе жəне білімдегі жүйені ұғынса.
ІІІ-кезең – еске сақтау немесе бекіту. Мұндағы міндет ұзақ уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-əрекет жаттығу, дербес репродуктивтік жəне шығармашылық жұмыс түрінде көбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар, ережелер, дəлелдеулер əр түрлі жаттығуларда қайталанады. Ұғымдардың белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар, заңдар жақсырақ есте қалады.
Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық материалды білулері қажет жəне оны жаттығуларды орындағанда, есептерді шығарғанда, теореманы дəлелдегенде жəне т.б. қолдана білуі керек. Оларда оқу іскерліктері жəне дағдылары қалыптасқан.
ІҮ кезеңде оқушылар алған білімді, іскерлікті жəне дағдыны практикалық іс-əрекетте қолдана білу қажет.
Бұл қатынаста сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыстан үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас натуралистер үйірмелеріне, спорттық, көркемөнер секциясына т.б. шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық іс-əрекеттің əр түрлерімен байланыстыруға көмектеседі.
Оқытуды оқушылардың практикалық іс-əрекетімен байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға, қызығушылықтарын жəне ынталарын, оқудың оң мотивациясын тəрбиелеуге септігін тигізеді.