5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі



Дата30.10.2022
өлшемі40,5 Kb.
#155704
Байланысты:
Бейімделу бойынша жаднама


"5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" жөнінде сынып жетекшілерге ЖАДЫНАМА

Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс. Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтуі – қазіргі күнге дейін мектептің актуальді мәселесі болып келеді. Бұл кезең – оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, оларды енді қанатының астына алғалы отырған мұғалімдері үшін де – ең бір жауапты да қиын кезең. Сондықтан бұл кезеңді бала өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл қиындық жас ерекшелігіне байланысты жүктемелердің көбеюі.


5-сыныпта оқу жүктемесі, оқу жағдайы күрт өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Оларға негізгі пәндерден бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берсе, орта буында көптеген мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді, кабинеттік жүйе де балаларға өз ауыртпалықтарын салады, салмақты сөмкелерін арқалап, қабаттан-қабатқа жүгіріп жүру де 10-11 жастағы балалар үшін жеңіл шаруа емес. Сондай-ақ, мұғалімдердің сан алуандығымен қатар, олардың қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалімнің бала жанын түсініп, қамқор болуы, бір мұғалімнің шектен тыс қатал, талапшыл болуы, кейбір мұғалімдердің дауыс көтеруі – бәрі орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары хақ, осы жайлардың бәрі жас жеткіншек психикасына оңай емес. Ғалымдардың айтуы бойынша, кейбір балалар бұл кезеңнен онша қиналмай өтсе,яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын. Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі. Мұндай функционалдық ауытқулар оқушылардың шамамен 70-80% -на тән. Өзгермелі білім беру жағдайында оқушылардың зияткерлік және тұлғалық дамуына қойылатын жоғары талаптар, белгілі бір пәндерді игеруге деген, өзін-өзі реттеуге қойылатын талаптар тағы бар. Дегенмен оқушылардың даму деңгейі әрқашан бірдей бола бермейді. Кейбіреулерінде ол болашақтағы білім алу жағдайы талаптарына сай болса, кейбіреулерінде ол қажетті талапқа әрең жететіні де жасырын емес. Жақсы оқуға деген құлшыныс, барлығын үлкендердің риза болатынындай етіп жасау , әсіресе, 5-сынып оқушыларында жиі кездеседі («уайымдамаса екен, ренжімесе екен», «қуанса екен», «анам күнделігімді көргенде жазаламаса екен, жыламаса екен»). Бастауыш сыныптарды сабақ соңына қарай қызығушылықтарының төмендеуі, «көңілі қалу» қоңырауды күтумен ауысады. Бала өзіне мектепте қызықты болады деп күтеді, алайда оқудағы қиындықтар оқу үлгерімінің төмендеуі мен қызығушылықтарының су сепкендей басылуына әкеп соғуы мүмкін. Міне, осы себептен бесінші сыныптықтардың оқудағы кезедесетін қиыншылықтарын жан-жақты зерттеп, оларға осы қиындықтарды жеңуге көмектесу білудің маңыздылығы осында жатыр. Ең алғашқы қиындықтардың бірі – оқуға әзірліктерінің жетіспеушіліктері. Осы кездегі оқушылардың көпшілігінің білімдерінде өткен сыныппен байланыстың болмауы, олардың оқу дағдылары мен іскерліктерінің қалыптаса қоймағаны көрінеді. Бұл бастауыш сыныпта кейбіреуінің дұрыс сөйлей алмауы, мәселен, олардың сөзді дұрыс жаза алмауының себебі – түбірді дұрыс таппауы, сол арқылы орфография заңдылықтарын түсінбеуінен болуы мүмкін. Ал ең қиыны – мұндай проблеманы бірден анықтаудың қиындығында. Сондықтан, балаға көмек көрсету үшін оның қиын тапсырманы орындауда ең кішкентай мәселені де мұқият түсінуіне күш салу керек. Бұл кезеңдегі оқушыларда кездесетін екінші қиындық – оқу мен жұмыс істеуге деген құлшыныстың болмауы, яғни үздіксіз сабаққа дайындалғысы келмеуі.
Осы кезде ата-аналарға, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне ұсынылатын


Сынып жетекші мен оқу ісі бойынша орынбасарлар тарапынан келесі жұмыстар зерделенеді:

  1. Сыныпта барлық пәндер бойынша сабақтарға қатыстылып, талдау жасалды.

  2. Оқу жылының басындағы кіріс бақылау жұмыстарының нәтижелері талданды.

  3. Қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінен дәптерлері тексерілді.

  4. Оқушылардың үлгерімі бақылауға алынды.

  5. Сыныптағы пәндер бойынша білімділік деңгейлеріне диагностика жасалды.



Мектеп психологы тарапынан төмендегідей жұмыстар тарапынан келесі жұмыстар зерделенеді:

  1. Оқушылардың мотивация деңгейін зерттеу;

  2. Оқушылардың ойлау процестерінің даму деңгейін зерттеу;

  3. Оқушылардың еске сақтау деңгейін зерттеу.

  4. Мектеп психологтары психопрофилактикалық сабақтар, тренингтер өткізу;



Күтілетін нәтиже:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет