8 билет 1«Даму»,«дамыта оқыту»ұғымдары И.Я.Лернер «даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негiздей отырып, адамның əртүрлi қиындықтардағы мəселелердi шеше бiлуге дайындығы деп түсiндiредi. Мұндай анықтама интелектуалдық iс-əрекеттi жоғары орынға шығарады. Мəселе қаншалықты күрделi болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметi де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейi де жоғары болады.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бiрi болып 1959-60 жылдары қолға алған академик Л.В.Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесiн мұғалiмдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгiлi себептерге байланысты өрiстен кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерiнде қайтадан қолданыла бастады. Қазiр бұл жүйе дəстүрлi оқытумен қатар пайдаланып келедi.
Л. С.Выготскийдің теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында əрi қарай жалғастырылады. Баланың - өзiн-өзi өзгертушi субъект ретiнде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргiзiлдi. Екi авторлар тобы да өз жүйелерi бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, əдiстемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оќыту ғылыми теориядан практикалыќ iс-тəжiрибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту — дəстүрлi оқытуға соңғы уақыттарға дейiн балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесiнде əр оқушы өзiн-өзi өзгертушi субъект дəрежесiне көтерiлуi көзделiп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже бердi.
2 Сабаққақойылатынқазіргізаманғыталаптар Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.
Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.
Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.
Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.