Дидактика


Мұғалімнің сабаққа даярлануы



бет8/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582
2 Мұғалімнің сабаққа даярлануы
Мұғалімнің жұмысының маңызды кезеңі – сабақтарды даярлау мен өткізу. Əдіскер ғалым Ю.Л.Львова сабаққа даярлануға байланысты мынадай əдістемелік ұсыныстар береді:
Сабаққа күні бұрын даярлану (оны өткізуден 2-3 күн бұрын) пəннің логикалық құрылымындағы тақырыптың алатын орнын анықтап, алдыңғы жəне кейінгі тақырыптармен байланыстырып, сол арқылы оның танымдық мəнділігін анықтау.
Осы тақырып бойынша мұғалімнен немесе əдіскерлерден кеңес алу.
Тақырып бойынша оқулық жадығатын талдап, университетте оқыған пəндердің сай келетін бөлімдерін, барлық қосымша жадығаттарды зерттеу (əдістемелік басылымдар, журнал мақалаларын қарау т.б.).
Сабақ – ізденімпаздық үрдіс нəтижесі. Əдістемелік құралдардың жағдайын сыни көзбен қарап, жаттандылықтан аулақ болу.
Сабақтың мақсатын анықтап, нақтылау қажет (білім берушілік, тəрбиелік, дамытушылық, оның жан-жақты шешілуін қамтамасыз ету).
Оқу жадығатының мазмұнын тиянақты ойластыру. Оның мақсатын, міндеттерін оқушылардың оқу мүмкіндіктерімен сəйкестендіру.
Конспект-жоспар құрып, сабақтың түрін, құрылымын ойластыру. Оның əр бөлімінің тезисін жасау.
Сабақты оқу үрдісінің дидактикалық ұстанымдарына сай, дамытушылық, іс-əрекеттік ыңғай теорияларына сүйене отырып жүргізу.
Сабақтың əр бөліміне нақты дидактикалық міндетті қою, оны шешуге арнаулы уақыт бөлу, оқушы іс-əрекетінің түрін ойластыру.
Сабақта қолданылатын оқыту əдістерінің жүйесін ойластыру:
а) оқушының танымдық қызығушылығын, парыз, жауапкершілік сезімін арттыру, оқудың əлеуметтік мəнін көрсету;
ə) оқушы іс-əрекетінің барысын, нəтижесін тексеру;
б) оқушы іс-əрекетінің барысы мен нəтижесін тексеруде өзін-өзі тексеруін қамту.
Фронтальдық, топтық жəне жекелік танымдық қызметті ұйымдастырудың тиімді арақатынасын анықтау.
Көрнекі құралдарды, дидактикалық жадығаттарды даярлап алу.
Жоспар-конспектіні жасағаннан кейін пəн мұғалімдері мен əдіскерлерден кеңес алу.
3 «Веер» әдісін сипаттаңыз
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет