Дидактика



бет3/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең
лейкоциттер, ҰТО-НЦТ, ҰТО-НЦТ, matematika, 5f717336cf07e 1601270582
3. «РАФТ» әдісін сипаттаңыз


3 билет
1 Оқу жоспары, бағдарламалары, оқулық жəне оқу құралы. Оқулыққа қойылатын талаптар
Оқу жоспары – бұл мыналарды анықтайтын құжат: оқу жылының ұзақтығын, каникулдердің жəне тоқсандардың мерзімін; мектепте оқылатын пəндердің толық тізімін; оқу жылына қарай пəндерді бөлу, əрбір сыныпта оқылатын пəндерге сағат санын болу; əрбір пəнді оқуға аптасына бөлінген сағат санын. Оқу жоспарында қоғам қабылдаған тəрбие мұраты, белгіленген мақсаттар, білім мазмұнын қалыптастырудың тұжырымдамасы көрініс тапқан. Оқу жоспарында екі компонент бөлінеді: мемлекеттік жəне өңірлік. Базистік оқу жоспары – оқу жоспарының əр түрлі нұсқаларын жасауға мүмкіндік бере отырып, жалпы бағыт болатын жаңа типті құжат.
Оқу жоспарының негізінде пəндер бойынша оқу бағдарламалары құрылады. Оқу бағдарламасына енетіндер: түсініктеме хат, онда пəнді оқудың мақсаттары, білім мен іскерлікке қойылатын талаптар, ұсынылатын оқытудың формалары мен əдістері т.б.; оқылатын жадығаттардың тақырыптық мазмұны; тақырыптарға бөлінген сағаттар; білім мазмұнының негізгі элементтерінің тізімі; пəнаралық байланысты жүзеге асырудың нұсқаулары; оқу жабдықтарының жəне көрнекі құралдарының тізімі; ұсынылатын əдебиет тізімі.
Оқулыққа қойылатын дидактикалық талаптар:
оқулықтың жадығаттары қазіргі ғылымның деңгейіне сай болуы керек;
оқулықтың мазмұны, тараулардың орналасуы сол пəннің бағдарламасына сай болу керек; оқулықтағы материалдың баяндалуы логикалылығымен, қатарландыруымен ерекшеленеді; оқулыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - теория мен практиканың байланысы
ұстанымын үнемі жүзеге асырып отыру болып табылады;
еске сақтауға тиісті анықтамалар қорытындылар тұжырымдамалар т.б. оқулықта бөлініп көрсетіледі;
оқулықтар жақсы безендірілуге тиісті, ойластырылған жəне мұқият таңдалған иллюстрациялармен қамтамасыз етілуге тиіс.
2 Оқыту құралдары жəне олардың жіктелуі.
Оқыту құралдары дегенде оқушыларға сенсомоторлық стимул, олардың көру, есту, и»с сезу жəне т.б. мүшелеріне əсер етіп, шындық дүниені тікелей жəне жанама түрде бейнелеуге көмектесетін «нəрселерді» түсінеміз. «Нəрсе» немесе «пəн» ұғымын шындық дүниеге қатысты жəне модельдік, образдық, сөздік немесе символикалық заттар ретінде түсінуге болады.
Оқыту құралдары оқыту процесінде төмендегідей функцияларды орындайды: оқушылардың шындық дүниенің фрагменттерін тікелей тануға көмектеседі (танымдық функция); оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін, танымдық қабілеттерін дамыту құралы (қалыптастырушы функциясы);
оқушылардың меңгеретін білімдері мен біліктіліктерінің негізгі көзі, оқу материалын бекіту, болжамды тексеру, білімді меңгеру деңгейін тексеру жəне т.б.тексеруді жеңілдетеді (дидактикалық функциясы).
«Қарапайым жəне нақтылыдан күрделі жəне абстрактылыға» принципіне негізделген классификация бар. Бұл классификацияның авторлары оқыту құралдарын төмендегідей жіктейді:
табиғи жағдайда көрсетілетін түпнұсқалар; жасанды жағдайға ораластырылған түпнұсқалар; түпнұсқалардың модельдік эквиваленттері; символдар;
бағдарламаланған оқулықтар жəне дидактикалық машиналар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет