Дидактика


«Блум жүйесі» әдісіне түсініктеме беріңіз



бет33/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3 «Блум жүйесі» әдісіне түсініктеме беріңіз
Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру [2]. Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады. Блум таксономиясы алты ойлау деңгейлері мен көрсетіледі. 1. Білу 2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Жинақтау 6. Бағалау
Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Түсіну - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау [3, 4].
Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытудың ерекшеліктері:
- балалар өздері білетіндерінен бастап, бірте- бірте жаңа тақырып пен ұштастыра отырып, білімін толықтыра түседі;
- берілетін тапсырмалар әртүрлі болғандықтан оқушылардың қызығушылығын оятады, сыни тұрғыдан ойлау белсенділігі артады;
- сабаққа деген қызығушылығы артады; - оқушылар арасында топтық жұмыс та, жұптық, жеке жұмыс та орындалады;
- ойларын қорытындылауды, пікірін дәлелдеуді үйренеді;
- әр оқушы білім деңгейін байқап, өзін- өзі бағалап отырады, жұптық бағалау, ал сабақ соңында топ көшбасшылар топты критериймен бағалап отырады;
- оқытушы да оқушы да көп ізденуге дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет