Дидактикалық ойындарды қолданудың философиялық негіздері нұрмаханов талант



Дата25.08.2017
өлшемі66,89 Kb.
#26177
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
НҰРМАХАНОВ ТАЛАНТ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің география пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі баса айтылады. Қоғам алдында қойылған міндетке сәйкес білім беру жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр.

Бүгінгі таңда білім саласындағы ең негізгі мақсат – оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың өздерін ізденуге үйрету, үйренгенін өмірде қолдануға, оқушыны өз ойын емін-еркін жеткізуге, өз алдына шешім қабылдауға үйрету. Ал бұл мақсаттардың орындалуы үшін мұғалім тек қалыптасқан әдістерге, кітап пен тақтаға ғана жүгінбей, сабаққа көрнекіліктерді, қосымша анықтама әдебиеттерді пайдалану керек, сондай-ақ техникалық жабдықтарды (мультимедиялық тақта, компьютер, ғаламторды) пайдалануды білуі қажет.

Қазіргі заманғы технология аясында жаңашыл оқу үрдісі, оның құрылуы мен жүргізілуі педагогтан жаңа кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды меңгеруді талап етеді. Білім беру жүйесі ғылыми заңдылықтарға толы, оқытудың жаңа технологиялары күн өткен сайын көбейіп келе жатқан, мемлекеттің саяси экономикалық, әлеуметтік жағдайға тәуелді күрделі жүйелерінің бірі екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге келді. Сол технологиялардың бірі – дидактикалық ойындарды сабақтарда тиімді пайдалана бастадым.

Оқу үрдістерінде дидактикалық ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.



Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады».

Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым-қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл-ой сезімін таным әрекетімен байланыстырады. Балалар кез-келген әрекетке оңай еліктейді.



Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекет деуге болады.

Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:

1.жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады;

2.адамдар іс-әрекетінің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді;

3.бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянып, қамқорлық жасауды үйренеді, кешірімді болуға өзгені ренжітпеуге тырысады;

4.балалардың танымдық үрдістері жас ерекшелігіне сай дамып, оқыту мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

Балалар ойын тәртібі арқылы жүріп отырады.Оқу үрдісіндегі ойында балалардың танымын аңғаруға болады.Ойынға басшылық жасау кезінде балаларға мұғалімнің бұйырып сөйлеуіне болмайды.Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.

Ойын екі түрлі уақыттық кезеңінде әсер етеді: қазіргі уақыт және болашақта.Бала осы мезетте қуанышқа бөленсе, ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені онда, ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады.

Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын оқушының жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Дидактикалық ойын барысында баланың есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретемін.

Дидактикалық ойындар баланың таным (түйсік, қабылдау, ес, ой, қиял) үрдісін және тілін дамытады. Бала еліктеу, қабылдау арқылы әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Ойын әрекеті –психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын қалыптастырып, әлеуметтік өмір мен жанастыратын әрекеттің бірі. Баланың ойын тәжрибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады.

Дидактикалық ойын баланың дүние танитын қабілетін, іс - әрекетін жетілдіреді. Ойын үстінде баланың сана — сезімі, еркі, өзің - өзі бақылауы, өзінің әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай – ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасады, сөйлеу тілі дамиды.

Бала қоршаған ортадағының бәрін ойын әрекеті арқылы қабылдайды, одан керегін іріктеп алады. Сөйтіп, ол өзінің тілегін ғана іске асырады. Бірақ жасаған әрекетінің неден басталып, немен аяқталатынына, одан шыққан нәтижеге ой жібермейді. Бала ойын арқылы оқуға қызыға түседі. Сондықтан ойында шамалы еңбек, оқу көрінісі бар дей аламыз. Заттың сан алуан қасиеттерімен де бала, ең алдымен, ойын арқылы танысады. Өмірді әр қырынан көре бастайды. Ойлауға, әрекет жасауға ешкімнің қысымынсыз, күштеуісіз, еркін үйренеді.

Балалармен бірге сабақ үстінде жүргізілген қызықты ойындар оларды сабаққа қызықтырады, тәртіпке шақырады, дұрыс қорытындылауға, олардың бойында достық, ұйымшылдық қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дарытады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек мұғалім сабағын баланың қабілетіне, психологиялық ерекшеліктеріне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Ойын өткізудің ережелері:

1.Ойын оқытудың маңызды, байыпты түрі.

2.Ойын барысындағы көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.

3.Балалардың барлығы үздіксіз іс - әрекетте болуы керек. Өзгеше талаптары бар оқушыларды әрдайым ойынға қатыстырыңыз, олар үшін арнайы ойластырылған ойынның ережелерін ойлап табуға болады. Ойыннан шығып кеткен балаға тапсырма беріңіз. Ол ойынды басқарып кетуі мүмкін. Ойынға барлық оқушылар қатысуы керек.

4.Егер сізде ойынға қатыссаңыз ойынның барлық тәртібіне бағынуыңыз керек. Жүргізушінің басқа ойынға қатысушыларға көмектесіп, көзге түсуі қажет емес.

5.Ойынды сырттан бақылап тұруға да болады. Сіздің көмегіңізсіз ойын жалғаспайтын жағдайда ойынға араласу керек. Ойын барысында қиындық туындаса шара қолдануға асықпаңыз. Оқушыларға проблеманы шешу үшін ойлануға уақыт беріңіз.

6.Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.

7.Ешқашан балалар айтқан сөзді қайталамаңыз. Олардың жай және түсініксіз айтқан сөздерін қайталап айтқызыңыз, қалған оқушылардың көңіл қойып тыңдауын талап етіңіз.

8.Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруына уақыт беріңіз. Балалар тарапынан кеткен барлық қателіктерді түзете беру қажет емес, себебі, бұл оқушылардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетеді.

9. Көбірек ойнау керек. Қызықты, жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып оқып үйренеді.Сізде олардан көп нәрсені үйренесіз.

География сабағында, сабақтан тыс уақытта ойын әдістерін қолданған жөн. Ойын сабақтың басында, не ортасында, болмаса сабақ соңында қолданылуы мүмкін.

Егер мұғалім ойынды сабақтың басында қолданатын болса, онда ойын мақсаты оқушылардың ойын бір жерге жинақтау, жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру, сондай – ақ олардың белсенділігі мен қабілетін арттыру. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса, онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың шаршап –шалдығуына жол бермеу, көңіл күйлерін көтеру, олардың шаршағанын ұмыттырып, білуге деген ынтасын үстемелеу болуға тиіс.

Ойын сабақтың соңында оқушылардың алған білімін тиянақтау ретінде де пайдаланылады. Ойын элементтері сабақты түрлендіріп, мазмұнын кеңейте түседі.

Қорытындылай келе, сабақта дидактикалық ойын түрлерін тиімді пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да ол-сабақтың, тәрбиеші еңбегінің жиынтығы. Ойын, сайыс түріндегі сабақтар –оқушылар білімін қорытындылайтын тиімді әдістің бірі.

Әдебиеттер:



  1. География. Жалпы орта білім беретін мектептің 6 – 7 сыныптарына арналған бағдарлама, Алматы. 2003 ж.

  2. География және табиғат. Ғылыми – педагогикалық журнал. 2006ж, № 4.

  3. География және табиғат. Ғылыми – педагогикалық журнал. 2004ж, № 2.

Каталог: uploads -> doc -> 0396
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0396 -> Сабақтың міндеттері
0396 -> Тест сұрақтары 9 сынып 1-тарау. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
0396 -> Америка Құрама Штаттары United States of America


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет