Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет22/39
Дата08.09.2023
өлшемі137,24 Kb.
#180485
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

Зәр анализі: Зәрдің қалыпты түсі – сары немесе ақшыл сары, кей жағдайларда – қаныққан сары – құрамындағы пигменттерге: урохромдарға, уроэритринге, уробилинге, гематопорфиринге, уророзеинге және қанның пигменттерінен түзілетін басқада заттарға байланысты.
Қалыпты жағдайда зәрдің салыстырмалы тығыздығы қолданылатын тағамның, қабылдаған сұйықтықтардың мөлшеріне, айқын экстраренальдық жоғалтылулардың сипатына байланысты ауытқуда болады. Бүйрек әртүрлі жағдайларда салыстырмалы тығыздығы 1,001ден 1,040 дейін зәр бөлуі мүмкін. Дені сау ересек адамдар жай су салмағында таңертеңгілік зәр порциясының салыстырмалы тығыздығы құрайды 1,015 - 1,020; балаларда 1,003 - 1,025
Иісінің ерекше диагностикалық мәні жоқ. Жаңадан бөлінген қалыпты зәрдің иісі болмайды. Зәр тұрып қалған жағдайда аммиактың иісі шығады. Жаңадан бөлінген зәрден аммиактың иісі цистит, пиелитте, пиелонефритте байқалады.
Зәрдің иісінің өткір болуы тағаммен бірге сарымсақ және басқаларды пайдаланған кезде байқалады.
Қант диабетімен ауыратын аурулардың зәрінде кетондық денелер пайда болса "жемістің" немесе "алманың" иісі байқалады
Зәр анализін алу үшін науқасты дайындау.Анализ жасау алдында науқасты дайындау Тамақтану режимін ұстау Дәрілік заттарды шектеу Зәр тапсыру алдында жеке гигиенасын сақтау Әйелде менструалдық цикл кезінде анализ жасамау Ауыр физикалық күшті шектеу

23. Нечипоренко бойынша зерттеу үшін зәрді жинау, зерттеудің мақсаты.

Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында)
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).
4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.
7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.
8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:
- лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін:
- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;
- цилиндрлер – жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет