Дыхательные движения Жизненная емкость легких
бет 1/6 Дата 27.10.2023 өлшемі 17,29 Mb. #188732
Байланысты:
Өзгергіштік,мутация түрлері.Мутагенді факторлар. Өзгергіштік,мутация түрлері.Мутагендік факторлар. Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың) өзгеруімен байланысты өзгергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды. Мутациялық өзгергіштік 1900 жылы голландиялық ботаник Г.Де-Фриз мутация туралы ұғымды (латынша“mutatio”-өзгеріс) енгізді; Есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады. Зерттеулердің негізінде 1901 жылы “Мутациялық теория” деп аталатын еңбегін жариялады. Мутациялық өзгергіштік Мутациялар(латынша mutatio -өзгеріс) - генетикалық материалдың сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгерулері. Мутация генотиптің де фенотиптің де өзгеруімен жүреді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Мутациялар кенеттен , секірмелі дамиды. Бұл терминді ғылымға енгізген Г. Де Фриз (1901 ж). Мутация Бұл генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістері. Ең ірілері- хромосомалар санын өзгертеді; Ең ұсақтары- ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді. Мутация-барлық тірі ағзаларға тән қасиет Эволюциялық даму барысында ағза да қалыптасқан үйлесімділік бұзылады және мынадай мутациялар болады: Зиянды мутация -тұқымқуалау қасиеттерінінің өзгеруі тіршілік әрекетін нашарлатады. Бейтарап мутация -тіршілік үдерістерінде өзгеріс болмайды немесе дәл осы орта жағдайларында мәнсіз болады ; Пайдалы мутация- өзгерістен ағзаның қандай да бір қасиетінің жақсаруы байқалады; Өлтіргіш мутация -ағзаны өлтіріп жібереді. Мутациялардың себептері мутагендік факторлар немесе мутагендер Мутациялардың жіктелуі Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер етуіне байланысты Зиянды мутациялар - тұқым қуалайтын ауруларға ұшыратады. летальдық мутациялар (өлімге ұшыратады) сублетальды мутациялар (тіршілікке қабілеттілігін төмендетеді) Нейтральды мутациялар – тіршілікке қабілеттілігіне әсер етпейді, мысалы көз түсі, қан тобы. Пайдалы мутациялар - тіршілікке қабілеттілігін жоғарлатады , мысалы, тарақандардың улы химикаттарға төзімділігінің қалыптасуы. Достарыңызбен бөлісу: