Дыхательные движения Жизненная емкость легких



бет1/6
Дата27.10.2023
өлшемі17,29 Mb.
#188732
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өзгергіштік,мутация түрлері.Мутагенді факторлар.

Өзгергіштік,мутация түрлері.Мутагендік факторлар.

Генотиптік өзгергіштік - генотиптің (генетикалық материалдың) өзгеруімен байланысты өзгергіштік сыртқы ортаға факторларына тәуелсіз және тұқым қуалайды.

Мутациялық өзгергіштік

  • 1900 жылы голландиялық ботаник Г.Де-Фриз мутация туралы ұғымды (латынша“mutatio”-өзгеріс) енгізді;
  • Есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын және олардың тұқым қуалайтындығын байқады.
  • Зерттеулердің негізінде 1901 жылы “Мутациялық теория” деп аталатын еңбегін жариялады.

Мутациялық өзгергіштік

  • Мутациялар(латынша mutatio -өзгеріс) - генетикалық материалдың сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгерулері.
  • Мутация генотиптің де фенотиптің де өзгеруімен жүреді және ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
  • Мутациялар кенеттен, секірмелі дамиды.
  • Бұл терминді ғылымға енгізген Г. Де Фриз (1901 ж).

Мутация

  • Бұл генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістері.
  • Ең ірілері- хромосомалар санын өзгертеді;
  • Ең ұсақтары- ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді.

Мутация-барлық тірі ағзаларға тән қасиет

  • Эволюциялық даму барысында ағза да қалыптасқан үйлесімділік бұзылады және мынадай мутациялар болады:
  • Зиянды мутация-тұқымқуалау қасиеттерінінің өзгеруі тіршілік әрекетін нашарлатады.
  • Бейтарап мутация-тіршілік үдерістерінде өзгеріс болмайды немесе дәл осы орта жағдайларында мәнсіз болады;
  • Пайдалы мутация- өзгерістен ағзаның қандай да бір қасиетінің жақсаруы байқалады;
  • Өлтіргіш мутация-ағзаны өлтіріп жібереді.
  • Мутациялардың себептері мутагендік факторлар немесе мутагендер

Мутациялардың жіктелуі

  • Ағзаның тіршілік қабілетіне әсер
  • етуіне байланысты
  • Зиянды мутациялар - тұқым қуалайтын ауруларға ұшыратады.
  • летальдық мутациялар (өлімге ұшыратады)
  • сублетальды мутациялар (тіршілікке қабілеттілігін төмендетеді)
  • Нейтральды мутациялар – тіршілікке қабілеттілігіне әсер етпейді, мысалы көз түсі, қан тобы.
  • Пайдалы мутациялар - тіршілікке қабілеттілігін жоғарлатады, мысалы, тарақандардың улы химикаттарға төзімділігінің қалыптасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет