Спонтандық немесе табиғи мутациялар – адамның қатысуынсыз табиғи мутагендік факторлардың әсерінен дамиды;
Индукциялық немесе жасанды мутациялар – белгілі мутагендік факторларды бағыталған әсерінен дамиды (адамның қатысуымен).
Мутациялардың жіктелуі
Пайда болу орнына байланысты
Сомалық мутациялар – сома (дене) жасушаларында пайда болатын мутациялар, сол дараның ағзасының бір бөлігінде көрініс береді, бұл белгілер келесі ұрпаққа тек вегатативті көбеюмен беріледі.
Генеративті мутациялар - жыныс жасушаларының пайда болатын мутациялар, келесі ұрпақтарында жарыққа шығады, олар жыныстық көбею арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Генеративті мутациялар ядролық және ядродан тыс( не митохондриялық) болып бөлінеді.