Өсімдіктердің өсіп дамуына жарықтың әсері. Жер бетінде жылылық пен ылғалға қарағанда өсімдіктердің өсіп-дамуына жарық жеткілікті. Бірақ, жарық күші және тәулік мезгілдеріндегі ұзақтығы экватордан қашықтаған сайын және тегістіктен тауға көтерілген сайын айтарлықтай өзгереді. Өсімдіктердің жер бетінің түрлі аймақтарында түрліше қарқындылықпен өсіп-дамитындығы осыған байланысты.Көптеген өсімдіктердің өсуіне күнделікті жарық мерзімінің ұзаруы қолайлы ықпал тигізеді. Бұны өсімдіктерді жылы жайларда (теплица) өсіргенде байқауға болады.Жарық деңгейіне реакциялары жағынан өсімдіктер жарық сүйгіш және көлеңкіге шыдамдылар деп бөлінеді. Афтотрофты өсімдіктердің жарықты пайдалануы фотосинтезге байланысты деп есептелінеді. Бірақ, өсу процестері толық қараңғылықта да жүзеге аса береді. Дегенмен, қараңғыда өскен өсімдіктердің сыртқы морфологиялық пішіндері жарықта өскен өсімдіктердікінен өзгеше болады.