Клетканың жаңа құрылымдарының пайда болуыӨсімдіктің өсуі үш кезеңге бөлінеді:
А)ұрықтық (эмбриондық), б) созылып өсу, в) жіктелу(дифференциалдану).
Қорытындылай келе,
Өсудің эмбриондық кезеңінде клеткалардың барлығы цитоплазмаға толған, вакуольсіз күйде болады; келесі кезеңде вакуоль қалыптасып, клетка қабығы созылып,клетка қабығы ұлғаяды. Эмбриондық (бөлінетін) клеткалар сабақтың, немесе тамырдың өсу төбешігі (конусы) қалыптастырады. Сабақтың өсу төбешігі сырт жағынан жапырақшалармен, бүршікшелермен қоршалған. Өсу төбешігіндегі клеткалар біртіндеп зозылып өсетін клеткаларға айналады. Одан кейінгі аймақта клеткалардың жіктелуі басталады. Эмбриондық кезеңде цитоплазма және ядро ұлғаяды. Көлемі белгілі шамаға жеткен алғашқы клетканың бөлінуінен екі жас клетка пайда болады. Олардың біреуі эмбриондық (меристемалық) күйінде қалады да, екіншісі тікелей немесе біраз уақыт өткенсін жаңадан бөлініп, белгілі ұлпа клеткасына айналады.