Диктанттар (І сынып)


VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер



бет3/8
Дата12.06.2020
өлшемі104 Kb.
#73281
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сөздік диктанттар 1-4 сыныптар

VІI. Бас әріппен жазылатын сөздер.

Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; *Қазақ тілі* - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.

(16 сөз)
Алтынсарин мұражайы; Қостанай қаласы; Әулиекөл ауданы; халық әртісі – Роза Рымбаева; Ақылбек Шаяхметов – ақын; «Балдырған» журналы.

(14 сөз)

Қостанай.

Біз Қостанайда тұрамыз. Қостанай сұлу қала. Қаланың көшелері үлкен. Мектеп Байтұрсынов көшесінде.

(12 сөз)


Тапсырма: бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
VІІI. Не істеді? – деген сґраққа жауап беретін сөздер.

Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын.

(18 сөз)

Көктем


Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.

(21 сөз)


Мектеп

Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.

(20 сөз)

IХ. Қайталау.

Менің әжем.

Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.

(20 сөз)


Тапсырма: дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Қайрат.

Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.

(19 сөз)

Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.

(14 сөз)


Тапсырма:«сымбатты«сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні.

Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.

(19 сөз)

Тапсырма: дауЫссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

*Бүгін- сөзін буынға бөліңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет