Дін, адамзатпен бірге пайда болды, адаммен бірге тіршілік етуде жӘне куе болғанымыздай адамзатпен бірге болмысын сақтайтын тәнірлік жүйе. Адамзат тарихына қаншалықты теренірек үңілсеңіз де наным-сенімсіз ешкандай қауымды кездестірмейсіз. Тарихи кезендерде болғаны секілді б.3.д. кезендерде де адамзаттың кейбір діни сеніммен өмір сүргендігі ғылыми зерттеулерде кездесіп жатады. Біз бұдан қоғамның бірлігін сақтайтын негіз дін екендігін көре аламыз. Мұнымен қатар философия, кұқық, этика секілді адам жайындағы білімнінң қайнары дін екендігі қабыл етілуде. Tіпті Виктор Кузин Әрбір нәрсе дін төңірегінде, дін үшін, дінмен қалыптасты - дей келе діннің тақырыбы мен саласын одан өрі кеңейте түсті. Адамзат тарихында өте маңызды орынға ие болған діннің сөздік және терминдік ағыналарына токталу дін ұғымының түсінікті болуына жәрдемші болады. Діннің сөздік және терминдік мағынасын жалпы дін логикасымен және соңғы иләһи дін Ислами көзкарас бойынша қарастырамыз. Барлық қоғамда дін ұғымын білдіретін бір сез қолданылады. Дін сөзі тарихи беттерінде Авестада daena, пehлеви тілінде (ежелгі парсы тілінде) den кейінгі парсы тілінде din ceкілді сөздермен түсіндірілуде: жол, мезһаб, құлшылық рәсімдері, амал, тесіл деген мағыналарға келеді. Қазіргі танда дін ұғымы, тек қана дін сөзінің орнына қолданылуда.