Дін анықтамалары: Дін-кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі, қозғаушы күші. Дін- адам өміріне мөн-мағына беретін сенім, ілім. Дін-адамшылық өмірдің негізі. Дінге қарсы атейзм жайлы айта кету қажет. Атейзм(а-жоқ, тейзм-кұдай)-дінге қарсы дүниетанымның бір түрі. Атейзмнің радикалды жөне жұмсақ екі түрі бар.Радикалды атейзмді кешегі кеңес өкіметі жүргізді.Ал жұмсақ атейзм-дінге қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным,оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма ,онда дін бола берсін, келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас.Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады. Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі. Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.