Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?


«Қазақ тұрмас қызықтап, қызық пенен тыныштыққа



бет5/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,73 Mb.
#5040
1   2   3   4   5
«Қазақ тұрмас қызықтап, қызық пенен тыныштыққа» деген әулиелігі орындалғаны да рас. Және де мұндай сынақтың ата жолындағы ақпарат, насихат, білімнің жеткіліксіздігінен, өз-ара тәжірибе алмасуының мүлде болмағандығынан, әлі толық меңгермеген, рухани жетілмеген екі жүзді иманның жетегінде жүргендердің; «Осы жүрісіміз дұрыс емес шығар, масхаб діншілері, жазушы, тілші қауымдары осы ата жолын бекер жамандамаған шығар, болмаса Ақ ұл неге мұндай қасиетпен өлуі керек?» дегендей ата жолының сарбаздарының, аққу, сұңқарларының да енді масхабшылар мен, өз бетімен намазбен жетілуші; «Сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деген жалқылық пәтуалармен негізделген, масхабтық қағиданы ұстаған, «намазхандар» қатарын толықтырғаны да даусыз. Осы сәтті жіті бақылап отырған масхабшыл діншілеріміздің іздегенге сұрағандай, енді негізгі мұғжиза тоқтап, хикмет жоқ болса, онда аруақтар тарапынан келетін қорқыныш та жоқ-деген шайтандарының сыбырлауымен, ашық қарсы шығып, үкіметтің өздері сияқты жүректері мөрленген мүшелерін айдап салуымен, арты не болғанын бүкіл халыққа аян. Бірақ енді көпшілік ата жолын уақытша болған құбылыс деп, ал діншілер жын-шайтаннан деп қабылдағанмен және кейбіреулерінің әлі баспасөз, теле арна бетерінен, «Әлі зиратшылар тиым салған заңға да қарамай, істерін тоқатар емес, қалай түп тамырымен құртамыз? Шерік қосушы, аруақтан бата, ақылын алу арам!» деген пікірлердің де қайта-қайта көрніс беріп жатқанымен арамызда, батамен көгеріп, көктеп Ақ ұлдың негізгі бастаған жолын тақуалық арқылы терең меңгеруге тырысып, бұл жағдайда жоғары топқа берілген, бірақ олардың меңгере алмаған, қолдарын созуға да ерінген, түрлі дарындылық, әулие бабаларымыздың сопылық намаздарын меңгерген, текті асылдың сынықтары да, 9-жылдық сынақтардан сүрінбей өтіп, қосымша аманаттар алып, оны орындап жатқандарымызда азшылық болғанымен бар. Және олардың арасынан озық шығып, жаратқанның нағыз сыйы мен нығметін, тұрақты хикметі мен жалақысын алуға, өз мәресіне жақындап қалғандарымызда бар арамызда. Сонымен енді ата жолының негізгі мағрипаттық, ғылымдық, діни жолдық, ілімдік кітабын да ашық жариялайтын кезең де келіп, бұл басылымдар тек бір адам тарапынан ғана болып жатқан қысқаша үзінділер ғана. Артта, біздер үшін алда, болашақта әлем халқын да мойындатып, ғылымда, шығармашылықтардың барлық саласында және діндегі тақуалық жетістіктермен «ихсандық»-хикметтерін көрсетумен таң қалдыратын, тылсым үнін тыңдай білген, жүрек көзі бар, қанында тектілігі бар аққу, сұңқар аталған жастарымыз да, көк жиекті көре білген үлкендерімізде жетіліп, толысуға жақын да қалды. Бұрын мөр ашу мұғжизасы бір адам арқылы атқарылса, енді әрбір қасиетті адамның, елшінің өліміннің нәтижесі, керісінше рухани жемісінің жер бетіне тарап шашылуымен, қайта өніп-өсіп өркендейтін жан ғылымың тұрақты аруақтық заңдылығы, інжілдік рухтың бұжымас заңдылығы деп біліңіз. Сондықтан енді Ақ ұл аруағының жетелеп, қолдауымен қасиеті қонған, 3-ші дәрежелі рухани өлім сатысын меңгерген жеті Ақ ұлдың арамыздан шығуымен, мұндай жаратқаннан түскен ерекше бақ- мөр ашу мұғжизасына қазақ елінің ілімді-білімді ел, көш басшыларының, ғалымдармен заң, құқық қорғау қызметкерлерінің де да амал жоқ келуі түгіл, әлем халқының да қызығушылығы артып, қазақ жеріне зияратап, жүрек көзін аштыруға, таза ақ бұлағынан иман суын ішуге ағылатыны да хақ және негізгі кітап иелері қазақ елі түгіл, әлем халқының да көріпкелдік, бақсылық қасиеттерінің көздері ашылуымен оны өз мақсатына пайдаланатын, шала иманды пенделер мен, ібіліс жолына түскендердің де артуымен ақ-қарасын тақуалық, ілім-білімді терең меңгеру арқылы ажыратпаса, ғылыми тұрғыдан, психология іліммен зерттеп, бағалап, қара күштердің де қандай пайда зиянын ажыратып, санасып меңгермеген жағдайда қазақ елі ғана емес, әлем халқына да келген қасірет те болары даусыз. Сол кезде ғана кәпір жынның кез келген ойын-сауық орындарында, арсыздық істерде, жалаңаш жағажайларда дем алып, суға түсіп, доп теуіп ойнап жүргенде де, немесе түнде ұйықтап таңертең көзі қызарып, не өзіңді болмаса, көшедегі біреуді жарып тастайтын болып оянған ұрпақтарыңды көргенде «шерік қосудың» қандай болатынын, барлық халықта ашық түсінетін болады. Сол кезеңде қыздарымыз бен қатындарымызды еркіндікке жалаңаш көшеге шығарып, енді дүниемен бәрін сатып, бәрінен оздық деген ел, көш басшыларын да біреудің жалғызын, біреуінің жалбызын солдырғанда естерін жинап ата жолын естеріне алатындары да хақтық. Ал жалқы пәтуамен, шерік қатушы діншілердің «Анау шайтанан, мынау жынан» деген пәтуалары, енді өздеріне «намазхан» жамағатарына жан ұяларына үлкен надандықтың, білімсіздіктің сынағы болып, өзі мазақ қылғандардың ықпалына түсіп, бастарын қайда тығарын білмей азаптарға ұшырай бастайтыны да хақ. Сондықтан әулие аталарымыз ескерткен; «Ұстасаң бақ болып қонар, ұстамасаң азап, ажал болып орға құларсың» деген батасының жалпыға бірдей үкімі жүре бастайды. Бұндай сынақтардың әуелі ел басшылары және ата жолы, аруақпен қарсы күресушілердің бастарына, жан-ұяларына, жинаған мал, бала, бақшаларына келуі даусыз. Ал, енді мұндай Алланың қалауына келіп, әрбір тура жолға түсіргендердің жаратқан тарпынан берілетін ерекше сыйы болып, жеті түрлі керемет ем шипалы ата жолының бұлағының қазақтың жеті жерінде көзі ашылып, бұл ата жолының тура жол және жеті көктегі жолмен байланысты екеніне берілген, әлем діндерінің алдында да тура жолға берілген Алланың куәлігі болмақ. Бұл жағдайдың да болатыны Ақ ұлымыз көріпкелдікпен болжап; «Адамзаттың мәңгіліктің бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы, ниеті, Аруақтың бастау алар бұлағы... Пайғамбарға құран түскен ақ таңда, Ай туыпты нұрын шашып аспанда. Мұсылманның мөрі болып табылған, Мөлдір бұлақ адамзатқа ашылған. Бұлақтардан өзендер де құралған, Теңіздер де өзендерден су алған. Кірін шайып, адамзатты тастайды. Мөлдір бұлақ тазалыққа бастайды.» Ақ ұлмен келген мөрдің хақиқатын растайтын ақ бұлақтың ата жолында хикметпен көруінен бастап, қазақ халқы амал жоқ, жүрек кірін кетіріп тазалануға лап қоятын мезгілдің туатынын армандап жете алмай, 2-ақ сағат, яғни екі өмірді ғана көріп, қыршын кеткен Ақ ұлымызға дұға жасап қойуды да ұмытпаңыз. Мүмкін түсіңізге еніп, болашаққа бағыт, жол көрсетер. Бұндай «Таза бұлақ» ақ бастауы болатын ірі белгінің де біздерге Ақ ұлдың тірі кезінде түсіп, ал әзірге екеуінің орны екі обылыста белгіленіп, көктен үкімі түсіп, алатын қызметшілері сынақтан өтуде, ал қалғанын әзірге өз басым білмеймін, бірақ болатыны да даусыз. Бірін (біріншісін) қоршап қойып, туысқан, таныстарымызға жынды атанып, сонда да сенімізді жоймай, күтіп отырғанымызға 5-жылдай болып қалды, құдай қаласа ашылған күні хабарын жаза жатармыз. Бұл хикметпен бірге мөрдің көзі ақ бұлақ болып, көк жолдарымен тікелей байланысты және ем-шипа рахмет болып шашылары да даусыз. Ал енді қандай да бір діни топтың, үмметік ерекшелігіне қарай, Құран арқылы бекітілген заманына қарай жетілдіріп отыратын, бекітілген нұрландырушы мағрипаттық білім кітабы болу шарт. Енді бұл кітаптар Ясауи бабамыздың сәни дәптері десек, оған бүкіл түркі халқы таласары да сөзсіз және ортақ мұра екені де даусыз. Ал Абай-Шәкәрім атамыздың құран насихатын айтатын болсақ, онда оған өздері әлі түк түсініп меңгермесе де, ата жолына қарсы болумен бірге масхабшылар да, тарихатшылар да, барлық философтар, дін топтары да бізге де ортақ деп таласары сөзсіз. Онда не істейміз? Ата жолының осы кітаптардың жалғасы болып табылатын осыдан 5-6 жыл бұрын да белгілі болған, аталарымыздың тылсымнан халыққа баспасөз ақпарттары арқылы таратып, ата жолы мағрипат білімін насихаттауды ұсынған, бірақ оған Ақ ұл қасындағы жоғары топ өкілдерінің алмаған кітабынан аз ғана үзінділерді, негізгі жарғыларын енді жариялауға да кезі келеді. Құран негізінен «Фатиха» сүресі барлық сүрелердің бастауы ақ бұлағы, рухани анасы, сан ғылымының негізі болып, сондықтан осы сүренің философиялық насихаты негізінде түсірілген, болашақ қазақ елінің рухани жалауының алғы шарты және ата заңымыздың да философиялық негізі болуы да сөзсіз. Енді әулие аруақтарының тылсымнан жетелеуімен, болашақта үкімет басқарушыларының арасынан 7-ел басшыларының осы жарғының философиялық білімінің негізінде тылсымнан жетектеліп, тәрбиеленіп шығумен тура жолын тауып, иманды толық меңгеруімен, әділетті заңдарды қалыптастыруға ата заңымыздың негізі болып қаланатын: Ата жолының нұрландырушы кітабының алғы шартары яғни;

Ата жолының Фатихасы және Жеті Жарғысы:

  1. Тіл және жан ұя. «Аса қамқор ерекше мейрімді Алла аты.» (Рахман)

  2. Әдет- ғұрып, салт-дәстүр. «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.»

  3. Тарихты жаңғырту. «Аса қамқор, ерекше мейрімді. (Раббымыз)»

  4. Діни ұғым. «Қиямет күннің иесі.»

  5. Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын. «(Әй Алла) Саған ғана құлшылық қылымыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»

  6. Тылсым күш. «Бізді тура жолға сала көр!»

  7. Оян қазақ. «Нығметке бөленегендердің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»

Сонымен бұл үкімнің ата жолының алғы шарты болып, әулиелер тарапынан батамен оқылғанына да 5-6 жылдай болып қалды. Осындай жеті рухани қағидалар негізде, ата жолының барлық іс шарлары, бүкіл жартылыс себептері мен ғылым-білім, шаруашылық саларындағы барлық ішкі ақпарттық ақыл, білім негіздерін қамтып, дін мектебінің негізін қалайды. Бұл басылымды негізінен ата жолдық бауырластарыма арнап жазып отырғанымен, осы жарғының алда жетінші басылым-кітап болып шығатын, жетінші бөлімін және әлі таратылмаған 5-ші басылымдар арасымен, Ар мен Ман және Уақ қуатары деген алтыншы (тылсым күш атты) басылымға түсініктеме болып, ата жолының негізгі дін мектебінің алғы шартарын таныстыру мақсатымен жазылып отыр. Ал масхаб дін мектебі десек, онда масхабтық білім осындай еліміздің барлық рухани дәрежедегі саяси өмірін қамтып, ақыл-кеңес берумен бірге және рухани жетістіктерге бағыт беріп, адамзаттық саналы әрекеттерін де толық қамтитын, болашақтың сапалы ұрпақтарын дайындайтын, психология ілімінің заманға қарай жетілген мектебін де қалыптастыру керек. Әрине бес парызбен құран ғылымын толық меңгеріп, мұндай жетістікке адамзатты жеткізу мүлде ақылға симайды да және мүмкін де емес. Және әрбір адамзат ақыл-ой жетістігенен пайда болған, ілім-білім және шаруашылықтың қандай да саласын да қамтитын көмес хикметсіз, аралық ақпарттық құдайлық сәуле жіпсіз мүмкін де емес. Енді шеңбер салып, оның ішіне барлық қоғамдағы басқару мекемелерімен, шаруашылық түрлерін жиегіне айнала орналастырып, ортасына бірінің ішінен бірін орналастырған жеті шеңбер сызып, ата жолының жеті қағида философиялық ілімін жазып, ал оның ортасы шариғат дін мектебін бастауыш сыныбын, текше түрінде орналастырсақ және осыдан сызықтық белгідегі қанаттармен барлық мекеме мен, білім ордаларын жалғасақ немесе атомның сегіз қанатты сызықтық бейнесі сияқты сүгіретін салып, ортасын Алла үйі мешітер деп санасақ, осы болашақ ата жолының нығметері арқылы әлемде әділетті қоғам құрудың басқару жүйесі пайда болады. Жалпы қазіргі таңдағы мешіттер ата жолының бастауыш сыныбы болып, ата жолымен бірігумен ғана біртұтас денеге айналғанда тура жолдың сипаты пайда болатыны да сөзсіз. Ал жарайды осылай болды делік, онда ата жолы ғылымға, шаруашылықты меңгеру біліміне, заң шығару, құқық қорғау салаларына, мешіттерге, медтина денсаулық саласына, жалпы адам баласының өркенитті өмір сүруіне қанадай ықпал ете алады?- деп сұрағаныңыз да ақылға дұрыс. Сонымен әрбір нәрсенің көместен берілетін, ақыл, дәлелдерін, ішкі сырын, мандық негіздерін, білімін көрсететін түрлі жағдайда, аян-аят болып бейнеленіп, уақи болып естіліп, немесе мұғжизалы көрністермен бейнелетін ақпараттық сырын хикметтер яғни терең білім деп атайды. Мысалға алдыңда болатын уақиғалары тіпте мемлекеттік дәрежедегі сынақтарды да киноға түсіріп, саған алдын ала көрсетіп, сол адам жанының шыбындай кейпіне сиған бейне баянның, құдіретті күштермен, заттық қуат түрінде бейнеленіп, тіршілікте қайталануынан не ұғамыз? Адам баласының ойынан пайда болған бейне баяндарға таң қалып, таңдай қағып, табынамыз және оған милиондап ақша жұмсаймыз шығынға да еш өкінбейміз, ал құдайдың тегін көрсеткен шындық баянына, тағдырдың аянына таң қала алмаймыз, құрбан шалып, көрсетілуге себепші болған Алла достарына рахмет айтып, шүкірлік қылуды да артық дүние шашуға санаймыз. Енді нұрландырушы кітап, құранның тәпсірін көшіріп алумен емес, осындай тағдырда бейнеленетін, күнәларды жаннан, рухтан, тәннен қалай тазартуын меңгеріп және әрбір пенде өз бетінше намаздарын орындаған жағдайда, терең білімнен хикметті белгі алумен және тақуалық шарттарын толық орындап, өзіне тән, ғылым-білімін және кейінен жеке кітаптары да ашылып, таза білімінің оқылуымен ғана көрнісін беру шарт. Және бұл кітаптардың жалпы үмметік сипатымен, ақыл-ой жетістігін, жалпы халықтық саналық деңгейінің артуымен ғана бағаланып; адамзат ғылым-білімін жетілдіруге, шаруашылық істерінің түрлі құралдарын шығаруға, өндіріс әдістерін тез меңгеріп жетілдіруге, қылмысты жағдайларды, бұзықтықтарды дер кезінде болжап, анықтап жоюға негізделген әділ заңдарды, үкімдерді қалыптастыруға көріпкелдік істермен ғана нәтижелену де тиіс. Қандайда бір адамға пайдалы білім, шығармашылықта болсын жетістіктерге жетуді, адам баласы өзі ойлап табады деген жалған ұғым. Негізінен тылсымнан адам жаны ұйқы кезінде тағдырда жазулы кітабын көріп келіп барып, рухани тұрғыда ғана білімін жетілдіреді. Енді ата жолында берілген аталарымыз меңгерген кітаптардың бейне баян шындықтардың шынға, іске айналуымен, тәжірибеден өтіп, бірақ олардың бәрін жалпы сипаттағанмен ертегі сияқты болып, тек оған ақирет біліміне жолығу арқылы ғана хақиқаты білінетін, бірақ болшақ әлемдік ғылымдық маңызы да бар түрлі хикметті істерді әзір баяндауға ерте, ол үшінде алда жан ғылымынан, ислам ғалымдарының ғана емес бүкіл әлем дінінің жоғалтып алған, қазақ аталарымыз меңгерген жан сырынан құпия деректерді баяндау арқылы тоқталып отырамыз.

Сөз жұмбақты шешіп көр! Төртеуің түгел ме екен, әлде...?

«Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ, Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жақ, Моласындай бақсының Жалғыз қалдым тап шыным!» деген өсиетпен Абай атамыз; «Ал оларға хақиқат келгенде, олар «Мұсаға берілген құсаған неге бұған берілмейді?», десті...» (28-48) (Рас Мұса мен Һарұнға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік.» (21-48) «Қашан олар, арларына үкім беру үшін Аллаға, Пағамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.» (24-48) Осындай құранның 48-санды үкімдерін яғни Мұсаға берілген кітапты мағрипат білімін меңгеріп, елші болып, халықты Аллаға дінін шақырушы болғанын, Кітап алғанын, бақсылықтың, сопылықтың екінші жағы ғылымын меңгергенін астарлы ескертіп баяндап кетіпті. Сонымен бірге төртеуді түгелдеу жер ана, су ана, және ана жанынын келетін діл білімінен байланысты болатын, сонымен бірге тіл білімін, сандық ғылымды меңгеріп, ата аманатын да орындап 6-ды да түгелдей білгенін 10-сүреге жалғанып «Олар; егер сендер шыншыл болсаңдар, осы уәде қаша болады» (10-48) аяттың орныдаушы елшілігін атқарып шындықты баяндап өмірден өткенін де білдіреді. Енді діл біліміз, Ясауи баба ілімінен дін тарихатымыздың үлгісі болған шежіре дастандардан мысал беріп, құпиясын шешіп көрейік; «Бір күні Әз Жәнібек хан қарық уәзірін жиып алып; Маған өтірік пен шынның арасы немен айрылады, соны тауып беріп қалағандарыңды алыңдар. Таба алмасаңдар, жазалаймын, ойлануға 40-күн мүмкіндік бердім»,-депті. Уәзірлері 40 күндей ойлап, таба алмапты, 40-шы күні болғанда хан уәзірлерінен; «Өтірік пен шынның арасын немен айыра алатынын таптыңдар ма?»-дейді. «Жоқ, тақсыр, таба алмадық»,-десіпті уәзірлері. Хан «бастарыңды алармын» деп қаһар қылғанда, әңгіме естимін деп жай келіп отырған Жиренше шешен уәзірлерге: «Анау күні хан хандығымен бас-басыңа бір күннен қырқыңа 40-күн міллет берді ғой, енді өздерің тіленіп ер басына бір-бір күнен міллет алсаңдаршы! Соған дейін бірің болмаса, бірің табарсыңдыр!»-депті. Хан; «жарайды бұл баланың сөзі дұрыс көрінеді. Менің мақсатым сендерді өлтіру емес, сынау. Ақылды болсаңдар, әрқайсыңның бір-бір ақыл алғанымда, менде қырық кісінің ақылы болар еді; сендерде ақылдан шайнам жоқ. Қырық кісіде жоқ ақыл бір кісіде қайдан табыла қойсын! Ер басына қырық күннен міллет бердім»,-дептағы ойландырып жібереді. Ханның алдынан шыққан соң 12-жасар бала Жиренше «Бұл сөзді біреу болмаса біреу білер, соны іздеп табамын» деп ел кезеді. Қорғаны бар бір шаһарға жетеді. Қаланың аузында сүліктей қара көк ат мінген, үстіне сауыт киіп, садақ асынып, найзасын жерге шаншып біреу тұр екен. Оған сол қападан кірген-шыққан адамның бәрі де сәлем берісіп өтеді. Жиренше оған сәлем бермей, мойнын бұрмай, керек қылмай өте өте шығады. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп тұрған әлгі жігіт: «Әй бала, сенен басақ осы қақпадан кірген-шықан жан сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге мойныңды бұрмай барасың?»-дейді. «Біріміз аты, біріміз жаяу, сәлеміз келісе ме?»-дейді бала. «Бұл шаһардың жөнін бұрын көріп пе едің? Көріп білмеген жан сияқты екенсің! Кел, артыма мінгес те біздікіне қонақ бол!»-дейді жігіт; «Ер тоқымды аттың алдын бізге, артын сендерге бұрынан бұйрық қылған және «Ат иесі алдына мінеді» деген сөз бар, жұртыңды жүр көрсет, жаяу –ақ барайын»,-дейді бала. Ол атты, бұл жаяу, үйіне ертіп кеп мейманханасына кіргізеді. Асын жеп болған соң мырза келіп: «Әй, қонағым, әңгіме айт!»- дейді. Бала «Біріміз жарты, біріміз бүтін, әңгімеміз келісе ме?»-дейді. Бұл сөзге шыдап отыра алмай үй иесі ұялып шығып кетеді. Сүйтсе, әлгі жігіт қыз екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдында тұрып, келген-кеткенді сынауға, сынынан өткен жанға тиюге атасынан рұқсат алыпты. Олай өткен, былай өткен жолаушының бәрі де мұның әйел екенін білмей, сәлем берумен болыпты. Тек Жиренше көрген жерден атқа отырысынан әйел екенін біле қойып, «біріміз атты, біріміз жаяу» дегені, «біріміз еркек біріміз әйел, қалай сәлем берісеміз»дегені екен. Өзінің әйел екенін әбден танығанын біліп, «біріміз бүтін, біріміз жарты» деген сөзді естігенде, қыздың ұялып тұрып кеткені сол екен... Сонымен оқырмандардың діл мен тіл білімінің «төртеуінің» түгелдігін білу үшін сауал;1. Кім атты, кім жаяу?- білімін көрсет.2.Кім бүтін, кім жарты? Білімін көрсету керек. Ал діл білім бар және ұлтшыл, иман келтірдім деген, әрбір білімді қазақ өтірік пен шының арасын ажырата алатын шығар? Ал енді дін ғалымдары мен құранды зертеуші және халыққа ақыл беруші имамның мұндай терең сырлы жан ғылымы емес, саутсыз аталған бұрынғы аталарымыз меңгерген рухани дәрежедегі діл білімін білмесе, онда ақылсыз «иман келтірдім» дегендері де жалған екені да хақ. Ал бұл мысалдар, иманның 60-бұтақты алғашқы сатысының білім болып, алда енді қалай «Алтауды түгелдеп, араздастырмауға болатын», бабаларымыз меңгерген мағрипатық ілімнен де алдағы басылымдарда сөз жұмбақ сұрау бар. Қазақтың діл білімнің айнасы, аталарымыздың тура жолдың жоғары сатысынан көтерілгендігінің дәлелі ретінде, Абай атамыздың; «Ілімен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нахылды; «Ыза шығар білімнен, қайғы шығар ілімнен» деп астарлап, ал ортасын «Ыза мен қайғы қысқан соң зар шығады тілімнен» деп астарлап түсіндірген. Енді «Ыза» не? «Қайғы» қандай? Жастарымызға философиялық ілім үйретпей, тек логикалық білім беріп, ызақорға айналдырып алған жоқпыз ба? Осыны ойланып көрейік те, өзіңіздің иман қуатыңыздың хақтығын, тіл білімін, ілім сырын, сөз даналығын (философия) меңгергендігіңізді тексеріп көріңіз! Егер таба алмаған жағдайда, ілімнің сыры түгіл, бұған түсінуге логикалық, ділмарлық, сәуегейлік біліміңіздің жетімсіздігіне ғана қысылып ұялып, өзіңізге өзіңіз ызалана білмесеңіз, онда толық мұсылман да емессіз! Және дін имандары мен ғалымдарды да, имандарын осыдай жолмен тексеруге болатынын, сондықтан аталарымыз; «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деген астарлы нахыл қалдырғанын да шешіп, ілімді болсаңыз ой теңізіне шомылып, жан сырын, жауыбын іздеп көріңіз.........(Ата жолының кітаптарының, Ясауи ілімінің сырларының Аба-Шәкәрім діл білімнің сырларының жазбаларын Проза кз, Джи-Глобал, Викепидия сайтарынан оқуға болады) (Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. 2012.12 Алғабас. Бейбітшілік №6)


Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет