Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік руханимен теңеп барлық нәрсе солардан шығып, соларға қайта оралады – деді.
Дін – дегеніміз жеке адамның, ұжымның, қоғамның рухани өмірінің айғағы; Дін – дегеніміз әлемді рухани-практикалық тұрғыда меңгеру; Дін – рухани өндіріс аймағы; Дін – қоғамдық сананың бір формасы, идеалдылық жемісі мен формасы. Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғам өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оның негізгі аспектілері: Материалистік философияның өкілінің бірі Л.Фейербах (1804-1871), дінді адам болмысы бейнесі ретінде түсіндірді. «Адамды жаратқан құдай емес, керісінше, адам өзіне сәйкес, өз бейнесі бойынша құдай жасап шығарған» деп түсіндірді. К.Маркс болса, дін туралы былай деді: «Адам дегеніміз – адамның дүниесі, мемлекет осы қоғам дінді, дүниеге бұрыс көзқарас туғызады, өйткені олардың өзі – теріс дүние.