Дін және мәдениет Дайындаған: ПиП 14-2 тобының студенті



Дата09.10.2022
өлшемі463,75 Kb.
#152279

Дін және мәдениет

Дайындаған:ПиП 14-2 тобының студенті

Тажибек А.Е.

Тексерген:Аға оқытушы: Сарбасова Қ.А.


Дін жайлы түсінік
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды» Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.
Дін саясатта
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір сүрді. Мәдениеттің зайырлылық принципіне өтуі саяси-қоғамдық және экономикалық құндылықтардың пайдалану аясының кеңеюімен, ғылыми зерттеулер мен техникалық шығармашылықтың қарқынды дамуымен етене байланысты жүріп отырды. Қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан айырылуы шіркеудің өкіметтен, мемлекеттен шеттеуіне, соның нәтижесінде оның саяси құрылымдар қатарынан жеке бастың еншілігіне қарай ығысуына, яғни мемлекеттен азаматтық қоғам аясына ауысуына әкеліп соқты. Батыс адамзаты өкімет билігінің заңға негізделген легалды түріне көшкен сәтте Шығыста әлі де болса сакралды (қасиетті) және профанды (қарапайым күнделікті), діни және зайырлы бастамалардың біте қайнасып жатуы көзге ұрады. Соның айғағы ретінде исламдық әлем мен қытайдың ұлы мәдениеттерін мысал ете кетуге болады. Христиан және буддизм дінімен салыстырғанда дүние жүзілік діндердің тағы бірі — ислам адамдардың күнделікті тіршілігіне көп араласады. Сондықтан болар исламда дін мен саясаттың, діни ұйымдар мен мемлекеттік органдардың байланысы тамырын тереңге жайған.
Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы — Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.
Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:
1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.
2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.
3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.
4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.
5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.

Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет