біз Л.Морганантаба аламыз, ол адамзат тарихын үш сатыға бөлді — жабайылық, тағылық және өркениеттер. Бұл тұрғыны марксизмнің негізін салушылар бөлісті. Бұл тұрғыдағы «мәдениет» ұғымы «өркениет» ұғымынан кеңірек, өйткені мәдениет адамзат қаншалықты болса соншалықты бар болады
Сонымен қатар мәдениет өзіне тән айрықша коды арқылы өркениеттің тұқым қуалаушылық механизмімен есепке жатқызылады, онда оның ұрпақтан ұрпаққа берілетін барлық өмірінің негізгі кезеңдері жазылған. Басқаша айтқанда, өркениет материалдық дене болып табылады және адамдар өмірінің әлеуметтік ұйымы, ал мәдениет әлемдегі өмір үшін құндылықтық бағдарларды береді. Сонымен қатар, мәдениет сақтайды және белгілі бір қоғамның өзіне тән ерекшелікті тапсырады. Ол мәдениеттің түйінін құрастырушы ерекше құндылықтар жүйесінде нықталып бекиді. Мәдениет әлеуметтік организмнің тұрақтылығын, сонымен қатар бейімделуін және өркениеттің динамикасын қамсыздандырады. Сол себептен, мәдениет пен өркениет тек бірлікте ғана бола алады.
Дегенмен, мәдениет немесе өркениеттің қайсысы маңыздырақ екендігін түсінуді — қоғамның құндылықтарының парадигмасы анықтайды. Егер өркениет мәдениетке қызмет етіп және оны одан әрі қарай дамуына жағдай жасаса, онда қоғамда материалдық және рухани құндылықтардың арасында үйлесім байқалады, бұл әрине тап осы қоғамның нақты алға басуын қамсыздандырады.Егер мәдениет өркениетке бағынса және оған қызмет етсе, онда материалдық қажеттіліктер және құндылықтар басым болып келеді, прагматизм және пайдакүнемділік қожалық етеді, рухани таяздыққа әкеледі. Өкінішке орай, соңғы кезде өркениет өзінің прагматизмімен мәдениетті дағдарысқа жиірек ұшыратуда.
Сонымен, өркениет пен мәдениеттің арасында не абсолютті үйлесімдік, не толыққанды сыйымсыздық жоқ. Олардың арасында нақты үш түрлі байланыс бар. Олардың біріншісіне — генетикалық, өйткені дәл сол мәдениет өркениетті туындатады, сонда өзін объективтендіреді. Мәдениеттің генетикалық коды өркениеттің материалдық денесінде іске асады. Олардың байланыстарының екінші түрі — құрылымды-функционалдық, өйткені мәдениет және өркениет адам қарекеттерінің бірінсіз бірі болмайтын рухани және материалдық жақтарын іске асыруға қызмет етеді. Ал, үшінші түрі, өркениет өзіне мәдениетті бағындыруға ұмтылдыратын дисфункциональды байланыс. Бұл жағдайда мәдениет құндылықтары ұмытылады және оның жаны жоғалады. Бұл жаңа мәдениеттің фундаментіне жатқызылатын жаңа кұндылықтардың көрінуі тиісті екендігін білдіреді, бұлар осы құндылықтардың объективтелінетін жаңа өркениет көрінуіне тиісті болады.
Қорытындылай келе, дінтану саласы қоғам мен мемлекеттің дүниетанымдық сұраныстары нәижесінде қалыптасты. Мысал ретінде кейбір елдерде ғылыми-философиялық әдістердің орнына саяси секуляризм феномені қолданылғанын айтуға болады. Бұл дінтану ғылымын субъективті көзқарастармен шектей тұрғанымен, оның дамуына да белгілі бір дәрежеде ықпал етті.
Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.