Қоғамдық ұйым ретінде іргетасы қаланған ……………….. бастауыш мектебі
……………………. мекенжайы бойынша орналасқан
ҰЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРІ
МЕКТЕП ЕРЕЖЕЛЕРІ
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері
Оқушылардың мынадай құқықтары бар:
білім алу, бойындағы дарынына қарай тұлғалық қасиеттерін, зияткерлік және физикалық мүмкіндіктерін дамыту;
әдептілік қағидаларына қайшы келмейтіндей мектептегі барлық іс-шараларға қатысты көзқарасы мен пікірін ашық білдіру; бұндай көзқарас тиісті түрде жеткізілуі керек және баланың көзқарасына қатысты тиісті шаралар қолданылуы тиіс;
шыдамсыздық, өшпенділік және зорлық-зомбылық әрекеттерінен қорғалу;
әлеуметтік тұрғыда патологиялық феномендерден қорғалу;
денсаулыққа зиян келмейтін ортада білім алу;
демалу және бос уақытын пайдалану;
алған білімінің жетістігі және нәтижелері туралы ақпарат алу;
білім алуға қатысты мәселелерде мектеп қызметкерлерінен консультациялық көмек алу;
мектептің кез келген қызметкерінен көмек немесе кеңес сұрау (бала қандай да бір ыңғайсыздыққа немесе қиындыққа тап болса);
оқушылардың мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарын құру, осындай ұйымдарға дауыс беру немесе сайлауға түсу, жұмыс істеу және сондай мәселелерге байланысты мектеп директорына жүгіну, директор осындай өзін-өзі басқару ұйымдарының ойлары мен пікірлерін тиісті деңгейде қарастыруға міндетті.