Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет119/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М
күнделік оқу-танысу практикасы
Рефераттың стилі

Рефераттар «аса маңызы бар», «ерекше көңіл бөлінеді», «мәселе көтеріледі», «мынадай тұжырымдарға келдік», «зерттеліп отырған мәсе-ле», «аталған мәселе» және т.б. сияқты стандартты, қалыптасқан тілдік оралымдармен жазылады. Рефераттың тілдік және стильдік ерекшелік-теріне талдап қорыту сипатындағы сөздер мен тілдік оралымдар, клише-лер жатады. Рефератты материалды бері мен ойды жеткізудің әз логи-касы бар, материалды мазмұндаудың белгілі бір объективтілігі болады. Мұның бәрі автордың лексикасының жеткіліксіздігінен емес, рефераттың жазылу стилінің, тілінің ерекшелігімен байланысты (әсіресе, арнайы терминдер, оралымдар қолданылатын арнаулы бағыттағы материал-Дар).


Жұмыс аяқталған соң бағасы қойылған тиісті пікір берілуі керек.


Пікір мынадай факторлардың негізінде құрылады:





  • зерттелген тақырып бойынша автордың білімінің тереңдігі (қарастырылған мәселенің қазіргі заманға лайықгығы мен өз уақытында орындалуы, автордың зерттелген мәселенің өзектілігіне қатысты еңбектермен танысу дәрежесі, дерекксөздерге сілтеме беруі, жұмыста зерттеу нәтижелері мен белгіленген ғылыми дәйектерді пайдалану дәрежесі);




  • рефератавторыныңжеке еңбегі (ұсынылатын оқу бағдарламасынан басқа жұмысты жазуда пайдаланылған қосымша білім, жазған материалы мен қарастырған мәселенің жаңалығы, зерттелген мәселенің ғылыми маңызы мен тақырыпты меңгеру деңгейі);




    • рефераттың сипаты (материалды беру логикасы, автордың сауаттылығы, жұмыстың дұрыс ресімделуі, рефераттың барлық стандартты талаптарға сәйкестігі).



Плагиат

Жоғары оқу орнында реферат жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын рефераттардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын



113


жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын рефераттарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды. Тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп жатыр, алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда.

Реферат өткізген кезде плагиат мәселелерімен бүкіл әлем күресуде: кейбір жоғары оқу орындарында плагиат жұмыстар үшін студенттерді оқудан шығарып жібереді. Осыған байланысты көшіріліп жүктелген рефераттарды анықтау үшін арнайы әзірленген американдық ТигпИіп (ағылшын) жүйесі немесе ресейлік «Антиплагиат» бағдарламалары компьютерлерге қойылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет