Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет151/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақгалған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектер болуы керек, себебі идеяны дәлелдемелер мен мысалдар арқылы нақтылайды. Түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылуы қажет. Кәтерілген мәселе айқындалып, оның туу себептері көрсетлуі керек,


Қорытынды бөлімде нақты және айқын тезистер келтіріліп, проблеманы шешуде қолдануға тұрарлық нақты ұсыныстар келтіріледі. Үсыныстар өмірде кездесетін жағдаяттар тұрғысынан келтірілген, нақгы өмірмен тығыз байланысты болады.

Ал баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссеніңтақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.


Қайта қарап шығу дегеніміз - эссе мәтінін сапасы мен нәтижесі тұрғысынан редакциялау: ойдың айқындығы, түсінікті жазылуы, яғни мағыналық байланыстың болуы, бірізділігі, сауаттылығы мен стильдің дұрыстығын айқындау. Қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігітуындайды. Екінші нұсқа бойыншажұмысөте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баяндаудың жатықтығына, ойдың логикалық сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.


Түзету барысында мәтіннің сауаттылығына, сөздердің байланысына, тыныс белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.


Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көпмағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болу керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.


Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұнытексерудіңбірнешежолы бар: мәтінді дауыстап оқу, өзжазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу, ең соңында адамдардың пікірін білу.


Адам әр уақытта өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармауы керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет