ретінде қарастырамыз. Жұмыста коннотацияны коммуникативтік процесс кезінде қоршаған ортаны бағалауыштық тұрғыдан қабылдау мен бейнелеудің жемісі ретіндегі сөз мағынасының экспрессивті компоненті деп танимыз, өйткені коннотацияның басты функциясы - прагматикамен тығыз байланысты әсер ету қызметі. Бағаның лексикалық мағынасы аксиологиялық полюстерді қарама-қарсы қоюға негізделеді.
Бағалауыштық лексиканы Л.А.Киселеваның терминімен прагмема деп атаймыз. Прагмемаға, негізінен, сөйлеу субъектісі психикасының көңіл-күй, жігер саласының құбылыстарын бейнелейтін бірліктер жатады, олар тиісінше адресат психикасының көңіл-күй, жігер саласына және осы
25
арқылы оның зияткерлік саласына оның мінезін реттеу мақсатында әсер етеді.
«Түркістан уәлаяты газетіндегі» бағалауыштық қолданыстардың семантикасында жалпы адамзат қауымына тән нормативтермен қоса қазақ халқының психологиясы, айналаны қабылдау мен пайымдаудың ұлттық-мәдени спецификасы мен ерекшеліктері айрықша білінеді.
Жеке сөздерде бағалауыштық мағына беру мүмкіндігі мол, әйтсе де бағалауыштық көбінесе синтаксистік тәсілмен беріледі.
«Түркістан уәлаяты газетіндегі» прагмемаларды үлкен үш топқа бөліп қарастырамыз.
а) Бірінші топты психологиялық прагмемалар құрайды. Бұған сенсорлық баға, яғни сезіну әрекетінен туындайтын әсерге байланысты баға беру прагмемалары жатады. Бұл топ прагмемалары бағаның объектісінен гөрі баға субъектісінің әсерін көрсетеді. Олар:
|