Бірінші тәсіл - сілтемелерді бүкіл мәтін бойында беру.
Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [4].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков
Байқап отырғаныңыздай, бұл оңтайлы тәсіл емес, себебі бір дереккөзге бірнеше рет, қайта-қайта сілтеме жасасаңыз, пайдаланылған әдебиет тізімі де үзақ болады. Оның үстіне мәтін ішінен бір бөлікті алып тастап, не орнын алмастыратын болсаңыз, сілтемелердің нәмірлерін де, тізімдегі ретін де ауыстыруға тура келеді.
Екінші тәсіл - библиографиялық тізімді сілтеменің негізгі мәтінде қолданылу реті бойынша беру. Сілтеме беруді бірінші нөмірден бастаймыз, кейін екінші, сосын үшінші. Ал бірінші дереккөзге мәтін
соңында тағы сілтеме жасайтын болсаңыз, мәтін ішінде тағы да бір санын қоясыз. Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [1].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков А.
2 Мырзабергенов Б.
3 Байдосов Ж.
Үшінші тәсіл - библиографиялық тізімді әліпби тәртібімен беру, ал
мәтін ішінде тізімге сәйкес нөмірлеу. Бұл кезде мәтін ішінде сілтемелер кез келген нөмірден басталуы мүмкін. Мысалы,
Мәтін [14]...мәтін [1]... мәтін [3].
Библиографиялық тізім:
1 БайдосовЖ.
3 Мырзабергенов Б.
14 Ыбыраев Ш.
Тағы да қайталап айтамыз: сілтемелер мен библиографиялық тізімді ресімдеудің қазақстандық стандарты бойынша пайдала-нылған әдебиет тізімі үтірмен бөлініп, төртбұрышты жақшаның ішінде берілген сілтемелердің мәтін ішінде кездесу реті бойынша құрылады.
57
Америкалық, еуропалық стандарт бойынша мәтін ішіндегі сілтемелер автордыңтегі және басылым шыққан жыл, мысалы, [Озііп, 2010] түрінде, ал библиографиялық тізім әліпби тәртібі бойынша ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |