Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір нәтижесінің (ғылыми қағидасының), тұжырымдары мен қорытындыларының негізделу және шынайылық дәрежесі.
«Қытай қазақтары тілін тарихи зерделеу және синхрондық талдау» тақырыбындағы зерттеу нақты тілдік деректер мен теориялық еңбектерге негізделген.
Атап айтқанда, зерттеу еңбегіндегі бірінші нәтиже аталмыш мәселе туралы өзіне дейінгі жазылған, жарық көрген арнаулы әдебиеттерді пайдалана отырып, Қытай қазақтарының тілдік ерекшеліктері, Шыңжаңдағы қазақтар тілінің жалпыхалықтық қазақ тілімен салыстырыла қарастырылуы диалектология тұрғысынан зерттеудің теориялық негізін
анықтауға арналған тілдік материалдарға қажетті ғылыми әдістер негізінде алынған.
Диссертация тақырыбының көкейкесті мәселесі болып табылатын екінші нәтиже геотарихи тұрғыдан алғанда байырғы қазақ даласының бір бөлігінде өмір сүріп жатқан Қытай қазақтарының тіліне тарихи тұрғыдан ғылыми талдау жасауы диссертанттың жинаған тілдік материалдарға жасаған өзіндік ғылыми жіктемесінің негізінде түйінделген.
Қазақ тіл білімінде бұрын-соңды арнайы толыққанды нысан ретінде зерттелмеген Қытай қазақтарының тілдік жүйесін семантикалық, этимологиялық, этнолингвистикалық тұрғыдан саралап жіктеуі ізденушінің зерттеу қорытындысынан алған тағы бір нәтижесі болып табылады.
|