Ізденушінің диссертациясында тұжырымдалған әрбір нәтижесінің (ғылыми қағидасының), тұжырымдары мен қорытындыларының жаңалық дәрежесі.
Ізденуші халықтық лексиканың бір мол тарауы - аймақтық сөздерді жан-жақты мол қамтитын Қытай қазақтарының тіліне зерттеу жасай отырып, олардың құрылымындағы ұлттық болмысты қалыптастыратын тетіктерді анықтайтын тіл білімінің нәтижелерін ғылыми түрде пайымдап, шетелдегі қандастарымыздың сөз қолданыстарының лингвистикадағы орнына жаңаша баға бере алған.
Қытай қазақтары тіліндегі жергілікті тілмен қарым-қатынаста пайда болған аймақтық бірліктерге, фразеологизмдерге, шұғылданатын кәсібіне ^атысты кәсіби сөздерге талдау жүргізіп, олардың әдеби тіліміздің бай лексика-фразеологиялық қорын шебер пайдаланғандығын ашып көрсетіп, нақты мысалдар арқылы дәлелдеп берген.
|