Жұмыс жоспарын құру
Курстық жұмыстың жоспарын жазуда арнайы бір реттілікті сақтаңыз. Алдымен, жобамен курстықжұмысжоспарын жазып алыңыз. Артынан өз қажетіңізге қарай өзгертуіңізге болады.
Жұмыстың жоспарын құру жауапты кезең болып табылады, себебі кез келген тақырып ерекше бағыттар алып, бірнеше нұсқада жасалуы мүмкін. Бірде теориялық бағыты басым болса, екіншісінде тәжірибелік жағына үлкен көңіл бөлінуі мүмкін. Кейде тақырыптың қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелері және тарихы баяндалып қана қойылуы мүмкін. Курстық жұмыстың бағыты қолданылған көрсеткіштер мен тақырыптың ұйымдастырылу деңгейіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |