Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет121/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Рефератты ресімдеу ережелері

Реферат мазмұнын ресімдеген кезде жоғары оқу орнының, жоғары мектептің (факультеттің), кафедраның толық атауы, реферат тақырыбы, автор мен жетекшінің аты-жөні, қала және реферат жазылған жыл көрсетілетін жұмыстың титулдық беттен басталатынын естен шығармау қажет. Екінші беттен бастап беттер нөмірленіп, рефераттың мазмұны жазылады.


Рефераттың жалпы көлемі 15-20 беттен аспауы керек. Абзац 1,25 см. болуы тиіс.


Парақтыңжиегі:





  • сол жағы - 3 см.;




  • оңжағы -1,5 см.;




  • төменгі жағы - 2 см.;




  • жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек.

Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні МісговоЙ Х/УогсІ редакторында терілсе, Тітев Ые\л/ Котап шрифтін қолдану ұсынылады. Шрифт мөлшері -14 пт.


Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі бәлім, бөлімдер, қорытынды) жаңа беттен басталады. Тарау мен оған дейінгі



114


мәтіннің арасы, сондай-ақ тарау мен параграфтың арасының қашықтығы 1 интервалды құрайды.

Ортаға жазылатын тақырыптан кейін нүкте қойылмайды.


Тақырыптың асты сызылмайды.


Рефераттың титулдық беті рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық бетке нөмір қойылмайды.




Әдебиет тізімі

Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек. Әдебиеттер дереккәзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылғандереккөздергежасалғансілтеметөртбұрыштыжақшаның ішінде көрсетіледі.


Рефераттағы әдебиет тізімінің саны - 4-12 болуы керек. Әдебиет тізімінде көрсетілген жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы, баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет