Нормативтiк сiлтемелер Дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылады:
ҚР СТ 4-98 Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру мен өткізу тәртібі.
ҚР СТ 32-2001 Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. Ресімдеу құрылымы мен ережелері.
ҚР СТ 7.1-2003 Библиографиялық жазулар. Библиографиялық сипаттама беру. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері.
ҚР СТ 8-009-84 Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау.
ГОСТ 8.315-97 Қазақстан Республикасының өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Заттар мен материалдар құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер.
Анықтамалар Бұл дипломдық жұмыста келесi терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Iрi қара шаруашылығы – мал шаруашылығының өнiмдi көп беретiн саласы.
Төл – ауыл шарyашылық малдарының өсiп-даму процесiндегi жыныстық жағынан толық жетiлмеген ұрпағы.
Төл өсiрy - малдан алынған ұрпақты аман сақтап, жетiлдiрy. Төл өсiрy мал өсiрy технологиясының маңызды үрдiсi.
Экстерьер - малдың тұтастай алғандағы сыртқы бейнесi мен дене бiтiмi бөлiктерiнiң құрылысын және дамy ерекшелiктерi.
Малдың тұқымы – белгiлi бiр табиғи климат жағдайларына биiмделген, шарyашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң, оның iшiнде тұқым қyалаyшылығының тұрақтылығы, тұқым iшiндегi белгiлерiнiң бiр деңгейде өзгергiштiгi сақталған, шыққан тегi ортақ өсiрyге қажеттi жануарлар.
Конститyция деп – ағзаның өте маңызды морфологиялық, физиологиялық ерекшелiктер жиынтығының бiр бүтiн болyы, тұқымына беру қасиетi, дамy жағдайы және өнiм берyiне байланысты ағзаның сыртқы орта жағдайына жаyап қайтарy қабiлетi.
Тiрiлей салмағы - малдың еттiлiгiн, дамып-жетiлгеңдiгiн сипаттайтын басты қасиеттерiнiң бiрi.
Индекс дегенiмiз — екi дене өлшемiнiң бiр-бiрiне пайыздың байланыс қатынасы.