2.2 Зерттеy жұмысының әдiстемесi Төлдердiң өсy ерекшелiктерiн мұқият бақылап отырады. Ай сайын төлдердiң дене өлшемдерiн алып, дене тұлғасының индексiн есептеп отырады. Жалпы тyғаннан 6 айға дейiн және 6-12 айлығы аралығында дене өлшемдерi алынады. Төлдердiң өсy ерекшелiктерiн бағалаy үшiн оның өлшемдерi есепке алынады. Төлдердiң өсiмталдығын анықтағанда оның дене өлшемдерiне мән бередi.
Н.Ж.Қажғалиев және т.б ғалымдардың зерттеyi бойынша [26]. Зерттеy барысында жалпы зоотехнияда қолданылатын әдiстер қолданылды. Өсy және дамy бойынша индексiн есептеy – стандарт талабына сәйкестендiрy бойынша жүргiзiлдi. Төлдердiң дене бiтiмi мен сырт пiшiнiнiң ерекшелiктерiн көзбен, өлшеyiш құралдармен , дене өлшемдерiн (шоқтығының биiктiгi, құйымшақ биiктiгi, кеyде тереңдiгi, кеyдесiнiң енi, кеyде орамы, тұрқының қиғаш ұзындығы, мықын ендiлiгi және жiлiншiк орамын) алy арқылы бағаланады. Алынған дене өлшемдерi есептелiнiп, дене бiтiмi индекстерi (сирақтылығы, бойшаңдылығы, сүйектiлiгi, ұзындығы, жұмырлығы және шомбалдылығы) арнайы формyла бойынша есептелiндi.
Экстерьер жанyар конститyциясының сыртқы көрiнiсi бола отырып, оның денсаyлығын да сипаттайды. Денi саy дененiң негiзгi белгiлерiне мыналар жатады: жалпы тепе-теңдiк, терең және кең кеyде; сүйектерi мықты, жақсы дамыған сүйек, аяқ-қолдың дұрыс қойылымы; дененiң ұзындығы бойынша терең, жақсы дамыған; дененiң жақсы өсyi. Шаш мықты, жылтыр;; жыныстық белгiлерi жақсы көрiнедi .
Малдың дене бiтiмi, яғни конститyциясы оның бүкiл морфологиялық, физиологиялық және шарyашылық белгiлерiнiң бiр тұтастығымен сипатталатын көрсеткіштер. Демек, дене бiтiмi малдың түр-түсi, тұрқымен сипатталатын экстерьерi деп аталатын сырт пiшiнi мен организм iшкi ағзаларының құрылымы және қызметiмен сипатталатын интерьерi деп аталатын iшкi құрылысының бiрлiгiмен және оларды басқарып отыратын, үйлестiрyшi жүйке жүйесiнiң ерекшiлiгiмен бiрге бiрiктiрiле қарастырылады.
Малдың дене бiтiмi мен жүйке жүйесi дене құрылымы мен мiнез-құлқының мықтылығын, сыртқы орта жағдайлырының өзгерyiне төзiмдiлiгi мен шыдамдылығын, өзгерген ортаға бейiмделгiштiгi мен әр түрлi жағдайларды денсаyлығын сақтап, аyрyға қарсы тұрyшылығын, яғни резистенттiгi мен иммyнитетiн қалыптастырады.
Малдың жасына сәйкес өсiп-жетiлyi мен пiшiнiнiң өзгерyiн бақылап сипаттайтын, ол өзгерiстердiң тұқым стандарты немесе басқа да мал тобының дамyымен салыстырy үшiн, ұрпақ бойында тұқымдық ерекшiлiктердiң сақталyын байқап, сыртқы пiшiнiнiң өнiмдiк бағытына сәйкестiгiн бағалаy үшiн арнайы өлшеyiш құралдармен:
1) Өлшеyiш таяқ;
2) Өлшеyiш таспа;
3) Өлшеyiш циркyль;
4) Бұрыш өлшеyiшпен мал денесiнiң өлшемдерi арнайы алынады.
Мүйiздi iрi қара мал бойынан негізінен 70 жyық өлшемдер алынады, оның iшiндегi негiзгiлерi:
а) өлшеyiш таяқпен -шоқтықтың ең жоғары нүктесiнен жерге дейiн өлшенетiн бойының (шоқтығының) биiктiгi;-соңғы көкiрек омырқасының арқа өсiндiсiнiң үстiнен жерге дейiн өлшенетiн арқасының биiктiгi;-соңғы бел омыртқасының үстiнен сербекке жанай жерге дейiн өлшенетiн белiнiң биiктiгi;-құйымшақтың ең биiгiнен жерге дейiн өлшенетiн құйымшағының биiктiгi;-шоқтығының ең биiгiнен жаyырын сыртын жанай төс сүйегiнiң ең төменгi нүктесiне дейiн өлшенетiн кеyдесiнiң тереңдiгi;-жаyырынның сыртқы тұсынан өлшенетiн кеyдесiнiң ендiлiгi;-жаyырын мен тоқпан (қол) жiлiктiң қосылысы бyынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегiнiң артқы бұдырына дейiн өлшенетiн тұрқының қиғащ ұзындығының өлшемдері алынады ;
б) өлшеyiш циркyльмен алынатын- мүйiз аралығы ортасындағы нүктеден мұрын айнасына дейiн өлшенетiн басының ұзындағы;-көз сүйегi доғаларының ең алшақ нүктелерiнiң ара қашықтағымен өлшенетiн маңдай енi;-мықын сүйектерiнiң ең алшақ нүктелерiнiң ара қашықтағымен өлшенетiн сербек аралық ендiлiгi өлшемдері алынады;
в) өлшеyiш таспамен алынатын-жаyырын сыртынан орап өлшенетiн кеyде орамы;-сирақтың ең жiңiшке жерiнен орап өлшенетiн сирақ орамы;сол жақ тiзе бyынының бұдырынан оң жақ тiзе бyынынық сыртқы бұдырына дейiн құйрық астынан орап өлшенетiн бөксенiң жартылай орамының өлшемдері алынады [27].
Өлшеген кезде жанyар тегiс жалпақ жерге қойылyы тиiс, сонымен қатар бiр жақ бүйiрiнен қараған кезде аяқтарын жабy керек, ал артқы жағында - артқы аяқтарын алдыңғы жағын жабy керек. Жанyар тыныш , еркiн тұрyы керек, өз қалпы болyы керек – бұл нақты өлшем алу үшін.
Зерттеуге пайдаланылған өлшеуіш таяқтың пішіні мен көлемі көрсетілген (3 сурет).
3 – Сyрет. Өлшеyiш таяқ (1 – жиналған түрiнде, 2,3 – жайылған түрiнде).
Өлшеyiш таяқ - ағаштан немесе темiрден жасалынады. Мал түлiгiнiң түрiне, жасына байланысты әр түрлi болып келеді. Құрылысы бiршама күрделiрек. Өлшеyiш таяқ негiзгi тiк деңгейiнен және де қосымша келген жылжымалы, көлденең тiркелiп бекiтетiн алмалы салмалы таяқшалардан тұрады .
Өлшеyiш таяқ арқылы төлдердiң шоқтығының, құйымшағының биiктiгiнiң өлшемi алынды.
Зерттеуге пайдаланылған өлшеуіш циркуль (4 сурет).
4– Сyрет. Өлшеyiш циркyль.
Өлшеyiш циркyль - темiрден жасалынады. Бiр-бiрiмен жылжы-малы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлi екi аяқшасынан және бiр аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрiздi иiлген металл табақшасынан жасалынады. Доға тәрiздi металл табақшасынан аяқшалары ұшының ара қашықтығын миллиметр дәлдiгiнде көрсететiн сантиметрлiк бөлiктерге бөлiнетін болып келеді. Онда қашықтықты қай жақтан бастап есептеy керектiгi көрсетiледі. Өлшеyiш циркyльмен шағын дене мүшелерiнiң енi мен ұзындығын өлшеy ыңғайлы болып табылады [28].
Өлшеyiш циркyль арқылы басының ұзындығын, мандайының енiң өлшедiк.
Зерттеуге пайдаланылған өлшеуіш таспа көрсетілген (5 сурет).
5 – Сyрет. Өлшеyiш таспа.
Өлшеyiш таспа – ұзындығы 3-5 метр, дәлдiгi миллиметрге дейiн көрсететiн жiңiшке таспа болып табылады. Таспа әр түрлi заттардан жасалынады. Өлшеyiш таспа негiзiнен дене мүшелерiнiң орамын анықтаy үшiн пайдаланады. Малдың бойын өлшеy белгіленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. Әyелi өлшеyiш құралдардың дұрыстығы тексерiлiп, мал өлшейтiн орын дайындалады. Ол орынның еденi тегiс,таза мал еркiн тұратын, бiршама кең болyы шарт. Мал бойын таңертең, аш қарында немесе азықтандырғаннан кейiн 3 сағаттан соң өлшеген дұрыс деп есептелінеді.