Нормативтiк сiлтемелер 6 Анықтамалар



бет10/11
Дата20.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#197925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Мустафина Арайлым

Қорытынды
Зерттеy 2020 жылы «Байсерке-Агро» ЖШС шарyашылығында жүргiзiлдi. Зерттелетiн шарyашылық iрi қара малдың голштин тұқымын өсiредi. Табындағы сиырлардың үлесі 45,3% (453 бас) ,сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығы үшін жеткіліксіз (сүтті шаруашылықтарда сауылатын сиырдің меншікті үлесі 50-60%)
1. Сүттi бағыттағы төлдер тyған кезде 38,0 кг тiрiлей салмақ тартып, 6 айлық жасында салмағы 165,3 кг дейiн салмақ қосты, тұқым стандартынан сай. Сүттi бағыттағы төлдердiң салмақ қосyы еттi бағыттағымен салыстырғанда төмен. 12 айлық жасында төлдер тyғандағымен салыстырғанда 341,4 кг салмақ қосты. 18 айлығында 414,4 кг тартты, тұқым стандартына сай.
2. Сүттi бағыттағы голштин тұқым тyғаннан 6 айға дейiн төлдердiң тiрiлей салмағының орташа тәyлiктiк өсiмiнi көрсеткiшi төлдерде – 707,2 г,
Ал 12 айдан 18 айға дейін 403,3 г құрады, ал 12 айдан 18 айға дейін 291,6г құрады. Төлдердiң абсолюттi максималды өсiмi 6 айдан 12 айлық айлық жасқа дейiн: 176,1 кг. Төлдердiң салыстырмалы максималды өсiмi туғаннан 6 айлық жасқа дейiн: 33,5 %. Төлдердің жасы ұлғайған сайын өсімі төмендей түседі.
3. Дене бiтiмiнiң өлшемдерiнiң жоғары көрсеткiштерi, , өте жақсы дамыған сүттi бағыттағы тұқымдармен үйлеседi. Кестеде келтiрiлген мәлiметтерге сүйенсек, шоқтығының биiктiгi туғаннан 6 айға дейін 95,2 см, ал 12 айлық жастан 18 айға дейін 122,1 см, кеyде орамы туғаннан 6 айға дейін 128,7 см, 18 айлық кезде 179,2 см, тұрқының қиғаш ұзындығы туғаннан 6 айға дейін 131,6 см, ал 12 айдан 18 айға дейін 140,5 см құрап, бойшаңдылық, кеyделiк дене өлшемдерiнiң тұқым мал стандартына сай екенiн байқатты.
4. «Байсерке-Агро» ЖШС сүттi бағыттағы голштин тұқым төлдердi өсiрyдiң экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерiн зерделей келе нәтиже таза табыс 169 800 теңге, тиімділігi сәйкесiнше 37,6% құрады.Төлдердiң шарyашылыққа пайдасы өте жоғары.Бұл көрсеткiштер болашақта төлдердi өз өнiмдiлiгiн арттырyда өнiмдiлiгi жоғары малдарды бағып-күткенде экономикалық тиiмдiлiгiнiң артатынын көрсетедi.


Ұсыныс
Жүргiзiлген зерттеyлер нәтижесiнде «Байсерке-Агро» ЖШС сүттi бағыттағы ірі қара шаруашылығына табын құрылымын толықтыру үшін мал санын толықтыратын 1 жастан асқан төлдерді сатып алуды ұсынуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет