Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет131/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Титулдық бет

Титулдық бет - диплом жұмысының бірінші беті, құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дереккөзі ретінде қызмет етеді.


Титулдық бет былайша ресімделеді:





  • диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы;




  • диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы;жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);







    • мамандықтың атауы және шифрі;




    • сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оңжағынан студенттің аты-жөні;







    • қала, жыл.

Титулдық бет диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді.


Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.


Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.




Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.


Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімі ережеге сай бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бәлім және параграфтар).




Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелген нысан бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

122


Пайдаланылған әдебиет тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет